Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өтірік айтқан семейлік 7 млн айыппұл төлейді

Өтірік айтқан семейлік 7 млн айыппұл төлейді

Семейде телефонымды ұрлап кетті деп полицияға жалған ақпарат берген бойжеткен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
19 жастағы қала тұрғыны Орталық полиция бөліміне келіп, қоғамдық көлікте ұялы телефонын белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып, арыз берген. Шығын көлемі 40 мың теңге.
«Жедел іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері қыздың берген ақпаратының жалған екенін анықтады. Кейін қызды тергеу кезінде ол кінәсін толық мойындады. Бойжеткен 3 шілде күні таңертең ұялы телефонын өзі сатып жіберген»делінген хабарламада.
Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы 2-тармағы бойынша (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) із қозғалды. Енді ол заңсыз әрекеті үшін 3000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді. Яғни, 7 млн 215 мың теңге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
08 шілде 2018 ж. 1 352 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 25

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 64

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 90

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031