Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жаңа аурухана ашылды

Қазалыда жаңа аурухана ашылды

Бүгін Қазалы ауданында жаңа заманауи аурухана пайдалануға берілді. Халықтың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы қатысып, дәрігерлерге жауапты міндеттерін абыроймен орындайтындарына сенім білдірді.
Аурухананың ашылу салтанатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов жаңа нысан жұмысына сәттілік тілесе, медицина саласының ардагері Орақ Кеубасов заманауи аурухананың ашылғанына ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, шарада жедел-жәрдем көлігі мен жаңа ғимараттың символикалық кілті аудандық аурухананың бас дәрігері Күншығар Әбіловке табысталды.
13 339, 08 шаршы метр жерді алып жатқан ғимараттың құны 4,2 млрд. теңге. Үш қабаттан тұратын 4 корпуста 150 төсектік орын бар. Мұнда тұрғындарға білікті 30 дәрігер мен 200-ге жуық медбике қызмет көрсетеді. Жаңа ауруханаға Теміржол ауруханасының ғимаратында орналасқан аудандық перзентхана бөлімі мен Қазалы қаласындағы қалалық аурухана бөлімі көшіріліп біріктірілмек.
Ауруханаға 400 млн. теңге тұратын антиограф медициналық қондырғысы алынуда. Қондырғы арқылы Қазалы, Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қызмет көрсетілетін болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
09 қаңтар 2018 ж. 3 568 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 46

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 72

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031