Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ақтан батыр, Жанқожа батыр және Бекарыстан би ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті. Аталмыш ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік нысандардың жай-күйін көрді.
Аудан әкімі елді мекендерді аралау барысында әрбір ауылдағы күрделі жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандар мен жолдарды көрді. Бұған қатысты ауыл әкімдері мен тиісті сала басшыларының пікірін тыңдады. Кейбір нысандарға қатысты тиісті құжаттарды әзірлеп, бюджеттік өтінім беруді тапсырды.
Бүгінде аудан басшысы аялдаған Жанқожа батыр ауылы мен Бекарыстан би ауылына кіреберіс жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жолдардағы жөндеу жұмыстары жақын күндері толықтай аяқталады. Мұнан бөлек, Бекарыстан би ауылында спорт кешені салынып, дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы құрылыс нысандары мен жол жөндеу жұмыстарын тезірек сапалы етіп аяқтап, ауыл халқына пайдалануға беру жөнінде қатаң тапсырма берді.
Алмасбек Әбілқасымұлы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Ү.Түктібаев және Майдакөл бағытындағы жүргізіліп жатқан магистралды газ жеткізу жұмыстарыменде танысып, мердігер мекеменің жауапты өкілдерімен кездесті. Газ жеткізу жұмыстары халықтың көптен күткен қуанышы екенін жеткізген аудан басшысы, бұл жұмыстарды да тезірек аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беру керектігін айтты.
Ауылдарда өткен кездесулерде тұрғындар аудан басшысының жұмысына сәттілік тілеп, ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарға бірлесе атсалысатындығын жеткізді. Ал, ауыл ақсақалдары елдегі жағдайды жеткізіп, ауызбіршіліктің арқасында елді мекендер күн өткен сайын көркейіп келе жатқанын айтты.
07 қазан 2025 ж. 204 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031