Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Depositphotos.com
Мамандар мұндай уақытта тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.Бүгін, 5 қарашада Қазақстанның жеті қаласында атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
«Қазгидромет» болжамынша, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күндіз де, түнде де күтіледі. Ал Астана мен Талдықорғанда мұндай жағдайлар түнгі уақытта болжанады.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде желдің баяулауы, тұман мен ауа температурасының инверсиясы салдарынан зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін. Бұл елді мекендердегі ауа сапасының төмендеуіне әсер етеді.
Мамандар мұндай уақытта тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болу уақытын қысқартуға кеңес береді. Сондай-ақ даладағы дене белсенділігін шектеп, балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады. Созылмалы тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені жөн.
05 қараша 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30