Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Мұндай кезде мамандар ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынады.
Фото: pexels.com
Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсерінен ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық ауаның ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты факторлар әсер етеді.
Мұндай кезде мамандар ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынады.
Спорттық жаттығуларды мүмкіндік болса, жабық спорт нысандарында өткізген жөн.
29 қыркүйек 2026 ж. 38 0

Тіл – ұлттың тұғыры

29 қыркүйек 2026 ж. 35

Қажырлы еңбек – ел мерейі

29 қыркүйек 2026 ж. 33

Балабақша – тәрбие бастауы

29 қыркүйек 2026 ж. 33

Доллар тағы арзандады

28 қыркүйек 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930