Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге және даладағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді.
Фото: depositphotos.comБүгін, 28 тамызда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Күндіз Алматы, Ақтөбе және Балқаш қалаларында, ал түнде Атырау, Қарағанды және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.
Мұндай кезде желдің әлсіз болуы, тұман мен температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы ықтимал.
Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге және даладағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді. Балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.









