Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада жаңбыр, өңірлерде аяз: 29 қазандағы ауа райы болжамы

Елордада жаңбыр, өңірлерде аяз: 29 қазандағы ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +6…+19 градус аралығында болады, ал кей өңірлерде түнде сынап бағаны -6 градусқа дейін төмендейді.
Елордада жаңбыр, өңірлерде аяз: 29 қазандағы ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
29 қазанда Қазақстан аумағында құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады. Күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +9…+11 градус болады.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +1…+3 градус, күндіз +11…+13 градус күтіледі.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде +4…+6 градус, күндіз +16…+18 градус болады.
Ақтөбеде күн ашық болады. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендейді, күндіз +16…+18 градусқа дейін жылынады.
Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде +7…+9 градус, күндіз +17…+19 градус күтіледі.
Атырауда да күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3 градус, күндіз +17…+19 градус болады.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі температура −1…−3 градус, күндіз +13…+15 градус болады.
Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Тұман күтіледі. Түнде −2…−4 градус, күндіз +7…+9 градус болады.
Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел екпін алады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +6…+8 градус күтіледі.
Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +12…+14 градус күтіледі.
Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −2…−4 градус, күндіз +10…+12 градус болады.
Қызылордада аздаған бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Түнде +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус болады.
Павлодарда күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +7…+9 градус күтіледі.
Петропавлда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Күндіз жел екпін алады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +7…+9 градус болады.
Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −3…−5 градус, күндіз +7…+9 градус күтіледі.
Талдықорғанда түнде жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі. Күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +9…+11 градус күтіледі.
Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде −1…−3 градус, күндіз +11…+13 градус болады.
Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −1…−3 градус, күндіз +16…+18 градус күтіледі.
Оралда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде −1…−3 градус, күндіз +14…+16 градус болады.
Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы −4…−6 градусқа дейін төмендейді, күндіз +6…+8 градус болады.



29 қазан 2026 ж. 103 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031