Құрғақ және жылы: 23 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Сәрсенбі, 23 қыркүйекте Қазақстан қалаларында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз оңтүстік өңірлерде термометр бағаны 30 градустан жоғары көтеріледі, сонымен қатар бірқатар аймақта жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстікте тұман болады деп болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматы – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Шымкент – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 28-30 градус жылы.
Түркістан – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Қонаев – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Қызылорда – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 28-30 градус жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 27-29 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 градус жылы.
Ақтау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Ақтөбе – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Атырау – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде секундына 1-6, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Орал – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 18-20 градус жылы.
Жезқазған – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Көкшетау – бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.
Қостанай – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
Петропавл – күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 20-22 градус жылы.
Павлодар – күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Семей – күн ала бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы түнде секундына 1-6, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Өскемен – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде 1-6, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 19-21 градус жылы.









