Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы

Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
10 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейбір қалаларда түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстігі мен орталығында ауа температурасы −3 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз кей өңірлерде ауа +26 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+2 градус, күндіз +11...+13 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус болады. Жауын-шашын күтілмейді.
Өңірлерде ауа температурасы қандай болады?
Ақтөбеде түнде +6...+8 градус, күндіз +18...+20 градус болады. Ақтауда күндіз жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Атырауда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус күтіледі.
Жезқазғанда түнде +4...+6 градус, күндіз +14...+16 градус болады.
Қарағандыда түнде ауа температурасы −1...−3 градусқа дейін төмендеп, күндіз +8...+10 градус болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Көкшетауда түнде 0...+2 градус, күндіз +10...+12 градус күтіледі. Қонаевта түнде +7...+9 градус, күндіз +21...+23 градус болады.
Қостанайда түнде −1...−3 градус, күндіз +13...+15 градус болжанады.
Қызылордада түнде +8...+10 градус, күндіз +24...+26 градусқа дейін жылынады.
Павлодарда түнде +2...+4 градус, күндіз +10...+12 градус болады. Петропавлда түнде −1...−3 градусқа дейін суытып, күндіз +10...+12 градус күтіледі.
Семейде түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +9...+11 градус болады.
Талдықорғанда түнде +2...+4 градус, күндіз +19...+21 градус күтіледі. Таразда түнде +6...+8 градус, күндіз +22...+24 градус болады.
Түркістанда түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градусқа дейін жылынады.
Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2...+4 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Өскеменде түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, күндіз +7...+9 градус болады.


10 қазан 2026 ж. 58 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031