Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 маусымда әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қандай

29 маусымда әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әлемдік мұнай нарығында баға қайтадан өсе бастады.
29 маусымда әлемдік нарықтағы мұнай бағасы қандай
Фото: Pexels
29 маусымдағы мәліметке сәйкес, Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,48 доллар қымбаттап, бір баррелі 72,47 доллар болды.
Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 0,82 доллар өсті, баррелі — 70,05 доллар.
Ресейлік Urals маркалы мұнай да қымбаттап, бағасы 1,28 доллар өсіп, бір баррелі 60,11 доллар шамасында саудаланып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін мұнай бағасы Парсы шығанағындағы шиеленіс басталғанға дейінгі деңгейге дейін төмендеген еді. Бұған АҚШ пен Иранның 17 маусымда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы әсер етті. Осы жаңалықтан кейін нарық қатысушылары Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалына қауіп төнбейді деген сенімге келіп, мұнай бағасына қысым азайды.
Еске салайық, 24 маусымда АҚШ Конгресінің Сенаты Вашингтон әкімшілігін Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға шақыратын қарар қабылдады.
Алайда 26-27 маусымда жарияланған бітімге қарамастан, АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс қайта ушығып, тараптар бір-біріне соққы жасады.
АҚШ әскері Ормуз бұғазында жүк кемесіне жасалған шабуылға жауап ретінде Иранның әскери нысандарына соққы берді.
Кейін тараптар 30 маусымға дейін атысты тоқтату режимін сақтауға уағдаласты. Осы күні Қатарда Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігі мәселесі талқылануға тиіс

29 маусым 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930