Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды
Фото: pixabay.com2026 жылғы 5 қаңтарда, Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) Қазақстан халқының саны жөніндегі жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамды құрады. Оның ішінде:
әйелдер – 10 468 756 адам,
ерлер – 10 010 123 адам.
Халықтың орналасуына қарай:
қалалық тұрғындар – 13 013 064 адам,
ауылдық тұрғындар – 7 465 815 адам.
Ал 2025 жылдың басында Қазақстанда 20 283 399 адам тұрған. Осылайша, 2025 жылдың басынан бері халық саны 195 480 адамға артқан. Оның ішінде:
табиғи өсім есебінен – 181 699 адам,
көші-қон есебінен – 13 781 адам.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халық саны ең көп 7 өңір мыналар:
Алматы қаласы – 2 345 012 адам
Түркістан облысы – 2 148 168 адам
Астана қаласы – 1 630 640 адам
Алматы облысы – 1 592 652 адам
Шымкент қаласы – 1 291 011 адам
Жамбыл облысы – 1 215 892 адам
Қарағанды облысы – 1 131 438 адам
Ал, халқы ең аз үш облыс:
Ұлытау облысы – 219 200 адам
Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам
Абай облысы – 596 000 адам













