Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы халық саны туралы дерек жаңарды

Қазақстандағы халық саны туралы дерек жаңарды

Фото: depositphotos.com
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректі жариялады. Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 20 604 819 адам тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 20 590 589 адам болған еді. Жыл басынан бергі жалпы өсім - 104 997.
Елдегі халық ең тығыз қоныстанған өңірлер - бұрынғыдай Алматы (2 379 793), Түркістан облысы (2 144 993).
Тұрғындарының саны миллионнан асатын қалалар мен облыстар:
Астана - 1 690 605 адам;
Алматы облысы - 1 614 234 адам;
Шымкент - 1 313 348 адам;
Жамбыл облысы - 1 211 705 адам;
Қарағанды облысы - 1 130 313 адам.
Елордада халық өсімінің ең жоғары қарқыны байқалады (3,14 пайыз). Бір ай ішінде еліміздің бас қаласында 8 мыңға жуық жаңа тұрғын тіркелген.
Халық ең аз қоныстанған өңірлер:
Ұлытау облысы - 217 670 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы - 511 455 адам;
Абай облысы - 591 903 адам.
1 тамыздағы жағдай бойынша халықтың басым бөлігі (13 211 759 адам) қалаларда тұрады. Жыл басынан бері қала халқы 126 649 адамға көбейген. Ауылдарда 7 393 060 адам тұрады. Ауыл халқының саны 21 652 адамға азайған.
01 қыркүйек 2026 ж. 35 0

Қауіпсіз болашақ үшін

01 қыркүйек 2026 ж. 39

Әлеуеті артқан ауыл

01 қыркүйек 2026 ж. 56

Туған жердің тарландары

01 қыркүйек 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930