Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылды жырға арқау етті

Ауылды жырға арқау етті

Өткен сенбіде Қожабақыдағы ағайын ауыл күнін атап өтті. Мерекеге орай жазба ақындардың басын қосқан аудандық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылды. Туған жер тақырыбына арналған жыр додасына 20-35 жас аралығындағы тоғыз талапкер қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар ауылдың тыныс-тіршілігін, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен өрнектеді.
Мүшәйраның негізгі мақсаты – жас талант­тардың шығармашылығын шыңдау, ұлттық поэзияны ұлықтау, сондай-ақ туған өлкенің қадір-қасиетін жыр арқылы дәріптеу. Байқау шартына сәйкес, қатысушылар Қожабақы ауылының тыныс-тіршілігін, ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін, кіндік қаны тамған мекеннің қадірін өлең өрнегімен жеткізді. Ақындар жүрекжарды жырларымен туған жерге деген құрметтерін танытып, сөз өнерінің құдіретін паш етті.
Жыр бәйгесінде ауылдың құрметті азаматы, ардагер ақын Әмірхан Қанайұлы, Қазалы аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Зоя Мұстафаева Шүйіншіәліқызы және Аранды ауылдық клубының меңгерушісі Қажығали Жұмамұратұлы қазылық етіп, үміткерлердің өнеріне әділ бағасын берді.
Өнер мен өрнек тоғысқан мүшәйраның қорытындысы бойынша бас жүлде қожабақылық Шарапат Раушанбекке бұйырды. Ал бірінші орынды кәукейлік Ақжол Сұлтан иеленді. Екінші орын тасарықтық Әділет Ізбасарға берілсе, үшінші орын Жанқожа ауылынан қатысқан Нұрман Бекжан мен Бекарыстан би ауылының өкілі Қанат Сырлыбайға бұйырды.
Сонымен қатар байқау барысында Қожабақы ауылынан Дина Бөкебай, Бірлік ауылынан Нұрсұлтан Жүсіпбек, Лақалы ауылынан Көмек Алмабек және Аранды ауылынан Данабек Жанғазы арнайы аталымдармен марапатталды.
Жыр додасына қатысқан барлық ақынға қаржылай сыйлық табысталды. Айта кеткен жөн, жас талапкерлердің өнерін қолдап, шығармашылықтың өріс алуына үлес қосқан бұл байқауға Әбілқайыр Мешітбаевтың ұл-қыздары қаржылай демеушілік көрсетті.
А.ЖҮСІПОВА
20 қазан 2026 ж. 43 0

Шұғыла – шаттық мекені

20 қазан 2026 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031