Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық архив: жүйелілік пен жеделдік

Электрондық архив: жүйелілік пен жеделдік

Жуырда аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін (Е-архив АЖ) пайдаланушыларға арналған орталықтандырылған онлайн оқыту өтті. Іс-шараның басты мақсаты – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, электрондық құжат айналымын жетілдіру және архивтік құжаттармен жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.
Оқытуға аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, кент, қала және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының ведомстволық архивтерге жауапты мамандары қатысты.
Оқу барысында Е-архив ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібі мен негізгі мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, жүйені баптау, базалық анықтамалықтармен жұмыс істеу, ұйымдарда құжаттарды қалыптастыру, сараптау және бекіту мәселелері қамтылды. Сонымен қатар құжаттарды архивтер арасында беру, өтініш берушілерге қызмет көрсету, қажетті құжаттарды іздеу және есептілік қалыптастыру тәртібі де сөз болды.
Аталған бағыттар бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары мамандардың ақпараттық жүйені дұрыс әрі тиімді пайдалануына, құжаттарды белгіленген тәртіппен рәсімдеуіне және архивтік жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар қызметінде электрондық құжат айналымын дамыту мен архив ісін цифрландырудың маңызы зор. Бірыңғай электрондық архив жүйесі құжаттарды орталықтандырылған түрде есепке алуға, сақтауға және қажетті ақпаратты жедел табуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде құжаттармен жұмыс істеу үдерісін жеңілдетіп, мемлекеттік мекемелер қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осы ретте ұйымдастырылған онлайн оқыту мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге және электрондық архив жүйесін тәжірибеде сауатты қолдануға бағытталды. Мұндай жұмыстар құжат айналымын біріздендіріп, архивтік құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге негіз болмақ.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
20 қазан 2026 ж. 37 0

Шұғыла – шаттық мекені

20 қазан 2026 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031