Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған жас ақындар мүшәйрасы өтті

Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған жас ақындар мүшәйрасы өтті

«Кәукей» бастауыш партия ұйымының Кәукей ауылдық кітапханасы топтық ұйымының ұйымдастыруымен, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Кәукей ауылдық кітапханасының оқу залында ақын, драматург, публицист, қоғам қайраткері Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл толуына орай «Жыры қалды жүректе жарқылдаған» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Шараның мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығын таныту, поэзияға деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Мүшәйра барысында «Отты рухты жырға қосқан жан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
«Жас қалам» жобасы аясында өткен мүшәйраға 11–14 жас аралығындағы «Шабыт» көркемсөз үйірмесінің мүшелері қатысып, Қасым поэзиясының терең сезімге толы өлеңдерін жатқа оқыды. Ақынның:
«Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында…»
деп өзі жырлаған рухты өлеңдері жас өрендердің орындауында көрерменге жол тартты.
Шараға барлығы 6 талапкер қатысып, қазылар алқасының құрамында клуб меңгерушісі Ш. Ізеев, ауыл ақыны А. Сұлтан, жас ақын Е. Қаржаубай болды.
Нәтижесінде №225 мектептің 7-сынып оқырманы Жалғас Жансая «Қасым рухын сезінген ақын», 6-сынып оқырманы Қабыл Кәусар «Үздік орындау», 5-сынып оқырманы Жалғасбай Нұриман «Жас талант» аталымдары бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Шара жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, Қасым Аманжоловтың отты жырларының мәңгілік рухын тағы бір мәрте дәріптеді.

#AMANAT
#БПҰТЫНЫСЫ
23 қаңтар 2026 ж. 308 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031