Тазалық – мәдениет өлшемі
Өткен сенбіде ауданда қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан орталығы Әйтеке би кентінде өткен сенбілікте С.Мұқанов, Мағзаман әулие, Ж.Аймауытов және Желтоқсан көшелерінде қоқыстарды тазаланып, бей-берекет өскен шөптер шабылды.
Сенбілікке 148 мекемеден 2 633 адам және 12 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 20,5 тонна қоқыс шығарылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет. Мұндай шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі















