Кәсіпке қолдау бар, қарекет ше?
Қазір екі қолға бір күрек іздеп, өз кәсібімді дөңгелетемін дегендерге қолдау көп. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, шағын және орта бизнеске ден қойылды. Мемлекет басшысы да еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өткен еді.Кәсіпкерліктің дамуы халықтың әл-ауқатын жақсартады. Сол себепті дамыған елдер шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Қазақстанда да осы бағытта түрлі бағдарлама мен жобалар іске асуда.Қазақстанда 2019-2025 жылдары 3,6 миллионнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 2,4 миллионы тұрақты жұмыс орындары. Жаңа жұмыс орындарын ашу экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың табысын арттыруға, ішкі тұтыну сұранысын кеңейтуге және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Әсіресе тұрақты әрі өнімді жұмыс орындарының маңызы зор. Олар азаматтардың тұрақты табыс табуына, кәсіби дағдыларын жетілдіруіне және еңбек өнімділігін арттыруына мүмкіндік береді. Былтыр елімізде 564,2 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 361,9 мыңы, яғни 64 пайызы – тұрақты, ал 202,3 мыңы немесе 36 пайызы уақытша жұмыс орындары.Президенттің «Әділетті Қазақстан – баршаға және әрқайсысына. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында 2030 жылға дейін 3,3 миллион адамды жұмыспен қамту жоспары көзделген. Оның ішінде 2026 жылға арналған меже – 480 мың адамды жұмысқа орналастыру.
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса есептегенде, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5 пайызға артып, 3,2 миллионға жетті. Жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін, қосылған құн салығын (ҚҚС) төлейтін кәсіпкерлердің саны 28 пайызға өскен. Сонымен қатар көлеңкелі экономикадан шығуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимде 981 мың адам тіркелген. Олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрған.2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 34,7 мыңы – заңды тұлға, 242,3 мыңы – жеке кәсіпкер. Ал осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға мен 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылған. Есептен шығарылған жеке кәсіпкерлердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған. Ал 20,8%-ы қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге көшкен.
Ал Қызылорда облысы бойынша, тіркелген заңды тұлғалар саны 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11609 бірлік, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 11248 бірлікті құраған.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда заңды тұлғалар бойынша 0,2 пайыз азайғандығы байқалады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 10514 бірлік, оның ішінде шағын кәсіпорындар 10153 бірлікті құрады. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 9063 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыз көбейген.
Соңғы жылдары Қазалы ауданының бюджет көлемі ұлғайып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мол мүмкіндік берді. Жыл басындағы көрсеткіштер нақтыланып, аудан бюджетінің көлемі айтарлықтай өсімге қол жеткізді.Өз кірістерінің үлесі артып, өңірдің қаржылық дербестігі мен экономикалық тұрақтылығы нығая түскенін көрсетті. Соңғы жылдар ішінде аудан басшылығы тарапынан кәсіпкерлік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, бизнес ашуға ниетті азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалды. Өңірде түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қайтарымсыз гранттардың игілігін көріп, өз ісін дөңгелетіп отырған жаңа буын кәсіпкерлерінің қатары көбейді. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарының ашылуына, түрлі қызмет көрсету нысандарының іске қосылуына жол ашты. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін 4726 кәсіпкер тіркелген. Оның нақты жұмыс жасап тұрғаны – 4634. Белсенділік көрсеткіші – 98 пайызды құраған. 2025 жылы 562 миллион теңгеге 19 нысан бой көтеріп, 31 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2026 жылдың басынан бері жаңадан 1,9 миллиард теңгеге 16 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 38 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беретін қаржылық ұйымдар тарапынан аудан кәсіпкерлеріне өндіріс түрлерін ашу мен дамыту бағытында жыл басынан бері 245 жобаға 2,6 миллиард теңге несие қаражаты берілген. Биылға ауданда 1 миллиард 95 миллион теңгеге 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.Оның ішінде ерекше атап өтетіні – «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы. Былтыр Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 миллион теңгеге көлемі 464 гектар балық тоғаны шаруашылығын бастаған болатын. Қазіргі уақытта шаруашылықтың жоспарына сәйкес осы күз айларында 500 тоннаға жуық тауарлы балық өндіріп, оны халық игілігіне жарату көзделуде.
Жалпы кәсіпкерлік бастамаларды барынша қолдау мақсатында «Агробизнес», «Ауыл аманаты», «Іскер», сондай-ақ «Өңдеу өнеркәсібін дамыту» бағдарламалары аясында жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.2026-2029 жылдары жалпы құны 6 миллиард теңге болатын 4 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол өз кезегінде 60-қа жуық жаңа жұмыс орнын ашып, аудан тұрғындарын тұрақты «Ауыл аманаты» бағдарламасы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге және кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық бағдарлама.Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл бағдарлама арқылы ауылдық аймақтарда жұмыс орындары жасалады және шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. Жоба бойынша қаржыландырудың басым бағыттарына бизнес жобаларды іске асыру – өз бизнесін өндіруге, қайта өңдеуге, дамытуға, сондай-ақ қызмет көрсету саласында бағдарланған ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметті ашу және дамыту, ауыл шаруашылығына арнайы бұрын қолданыста болмаған жаңа техникаларды, станоктар мен жабдықтарды сатып алу, құс шаруашылығы, балық аулау және аквамәдениет, мал және өсімдік шаруашылығы жатады.Несиелеу сомасы: жеке және қосалқы шаруашылықтарға – 2500 АЕК, ауыл шаруашылық кооперативтеріне – 8000 АЕК. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыз. Микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін. Несие алушының жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі және басқа несиелері бойынша берешегінің болмауы міндетті.Жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылық иелері, ауыл шаруашылық кооперативтері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады. Бағдарламаның тиімділігін көргендер кәсібін одан әрі дөңгелетіп, көкжиегін кеңейтуде. Мәселен,«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2025 жылдары 1 миллиард 581 миллион теңгеге 226 жоба қаржыландырылып, 270 жұмыс орны ашылды. Өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда Қазалы ауданы облыс бойынша алғашқы орынға шықты. Осы жылға 88 жобаны 850 миллион теңгеге қаржыландыру жоспарланған, 103 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Мамандардың айтуынша, етті және етті-сүтті ірі қара мал шаруашылығы бойынша асыл тұқымды бұқа сатып алу – 260 000 теңге, ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алуға отандық – 260 000 теңге, ТМД елдерінен, Украинадан әкелінген болса – 390 000 теңге, Автралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка, еуропа елдерінен әкелінген болса – 525 000 теңге субсидия беріледі.Қой шаруашылығы бойынша отандық асыл тұқымды қой басын сатып алу – 26 000 теңге, импортталған асыл тұқымды аналық қой басын сатып алу – 52 000 теңге, импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алуға – 260 000 теңге, ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алуға – 70 000 теңге, жылқы шаруашылығы бойынша өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырларды сатып алуға – 175 000 теңге, түйе шаруашылығы бойынша асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алуға – 175 000 теңге субсидия беріледі.Сонымен қатар жұмыртқалы және етті құс шаруашылығына келер болсам, асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алуға – 60 теңге, ата-енелік/ата-тектік нысандағы етті бағыттағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға – 600 теңге субсидия қарастырылған.Жалпы субсидия алуға өтінім қабылдау subsidy.plem.lz ақпараттық жүйесі арқылы ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін сатып алынған сәттен бастап 12 ай ішінде беріледі.
Айта кеткен жөн,2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1 пайызға өскен.Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімін қалыптастырып, оны тоқсан сайын жаңартып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге арналған жобаларды дамытуына мүмкіндік береді.Әлеуметтік кәсіпкерлік бұл қызметті жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық пайда әкелетін бизнесті біріктіреді: мүгедек адамдарды және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдерін жұмыспен қамтып, әлеуметтік маңызды қызмет көрсетеді немесе өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған жобаларды іске асырады.
Қош. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған аудан кәсіпкерлері бизнесін алдағы уақытта кеңейтуді көздейді. Ал кәсіп етемін, көсегемді көгертемін деген жанға аудандық кәсіпкерлер палатасының есігі қашан да ашық. «Қалауын тапса – қар жанады». Тек тәуекелқылып, қарекет етсе болғаны.

Айнұр ӘЛИ