2027 жылы жәрдемақы мөлшері өзгере ме? eGov Mobile-де жаңа калькулятор іске қосылды
Олардың мәлімдеуінше, бағалау әдістемесінде табыс пен мүлік қана емес, негізгі әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі.

"Жаңа құрал 2027 жылғы 1 қаңтардан басталатын мемлекеттік қолдаудың жекелеген шараларын атаулы түрде көрсетуге көшу аясында іске қосылды. Калькулятор азаматтарға бағалау өлшемдерімен танысып, отбасының әл-ауқат деңгейін анықтауға мүмкіндік береді", – делінген ведомство хабарламасында.Олардың мәлімдеуінше, бағалау әдістемесінде табыс пен мүлік қана емес, негізгі әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі:
отбасы құрамы;
балалардың, қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, бағалау үшін алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткіш қолданылады.
"Есептеу азаматтың өзі көрсеткен мәліметтер негізінде жүргізіледі және анықтамалық сипатқа ие. Оның нәтижесі әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тоқтату туралы шешім болып саналмайды", – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Қазақстанда халықтың әл-ауқат санаттарын анықтау калькуляторы 2026 жылғы 16 қазанда іске қосылды.












