Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді Қазақстанда үйдегі әр адам айына 173 мыңнан артық ақша тапса, отбасы ауқатты саналады

Енді Қазақстанда үйдегі әр адам айына 173 мыңнан артық ақша тапса, отбасы ауқатты саналады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі толық мәлімет берді
Енді Қазақстанда үйдегі әр адам айына 173 мыңнан артық ақша тапса, отбасы ауқатты саналады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қазақстанда қандай отбасылар мұқтаждықты бағалау скорингтік моделдің енуіне байланысты әлеуметтік төлемнен айырылуы мүмкін? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy агенттігінің ресми сауалына жауабында айтты.

Скорингтік модель қалай жұмыс істейді

Жоба үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық осалдығы мен орнықтылығын скорингтік модель арқылы бағалауға негізделген. Енді әлеуметтік көмек барлығына бірдей емес, тек мұқтаждарға төленеді. Бағалау кезінде материалдық көрсеткіштер (табысы, мүлкі, көлігі, несиесінің болуы), сондай-ақ материалдық емес факторлар (денсаулығы, мүгедектігі, білімі), асырауындағы адамдар саны және бейресми жұмыспен қамтудан түсетін жасырын табыс сияқты мәліметтер ескеріледі.

Табысы 173 мың теңгеден асатындар – қауіп аймағында

Енді үй шаруашылықтары әл-ауқаттың алты деңгейіне бөлінеді. Министрлік ұсынған критерийлерге сәйкес, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 173 628 теңгеден асатын азаматтар (яғни, 2025 жылға белгіленген 4 және одан көп ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең) 5 және 6-санатқа жатады. Бұл жоғары әл-ауқат деңгейін білдіреді. Дәл осы санаттағы азаматтар жергілікті атқарушы органдар қаржыландыратын қосымша әлеуметтік көмектен айырылуы мүмкін.
Әл-ауқат деңгейінің нақты бөлінісі төмендегідей:
  • 1-деңгей (аса мұқтаж): жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ТКД) 70%-на дейін – адам басына 30 385 теңгеден аз;
  • 2-деңгей (мұқтаж): 30 385 теңгеден 43 407 теңгеге дейін;
  • 3-деңгей (салыстырмалы тұрақтылық): 43 407 теңгеден 86 814 теңгеге дейін;
  • 4-деңгей (тұрақтылық): 86 814 теңгеден 130 221 теңгеге дейін;
  • 5-деңгей (әл-ауқат): 130 221 теңгеден 173 628 теңгеге дейін;
  • 6-деңгей (жоғары әл-ауқат): жан басына шаққанда 173 628 теңгеден жоғары.

Қандай төлемдер сақталады

Министрлік 40-тан астам төлем түрі – зейнетақылар, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылар, көпбалалы отбасылар мен аналарға берілетін төлемдер, бала туғанда және 1,5 жасқа дейін баланың күтіміне байланысты жәрдемақылар – табысына қарамастан төлене беретінін атап өтті. Бұл төлемдер республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен көрсетіледі.
Ал өзгерістер тек жергілікті әкімдіктер деңгейінде көрсетілетін қосымша көмекке қатысты. Олар – тегін тамақтану, жолдамалар, субсидиялар және басқа да әлеуметтік қолдау түрлері.

Шектеулерге қанша азамат ілігеді

2025 жылдың мамыр айынан бастап Шымкент пен Қарағанды облысында мемлекеттік қызметтерді цифрлық платформа арқылы көрсетуге бағытталған пилоттық жоба іске қосылды. Жоба аясында әлеуметтік қолдаудың 11 түрі қамтылған: мектептердегі тегін тамақтану, жазғы лагерьлерге жолдама, оқу орындарындағы жатақханалар, тұрғын үй көмегі, жалдамалы баспанаға субсидия және басқа да шаралар.
Пилоттық талдау нәтижесінде жобаға қатысушылардың 2,6%-ы немесе шамамен 4,2 мың адам 6-санатқа жатқызылған. Оның ішінде:
  • 3,1 мың адам – Қарағанды облысында;
  • 1,1 мың адам – Шымкент қаласында.
Министрлік бұл кезеңде нақты үнем көлемі туралы айту ерте екенін, себебі жоба әзірге екі өңірде ғана жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Мүгедек немесе науқас жандар

Егер отбасы құрамында мүгедектігі бар немесе ауыр науқас адамдар болса, мұқтаждық деңгейін бағалау кезінде асырау жүктемесі, яғни еңбекке жарамды және жарамсыз отбасы мүшелерінің арақатынасы ескеріледі. Бұл – формалды түрде табысы жоғары болғанымен, отбасы асырауындағы адамдар көп болса, мұқтаж деп танылуы мүмкін деген сөз.

Қалай хабарланады және шешіммен келіспеген жағдайда не істеу керек

Қызметке өтініш бергеннен кейін, заңнамаға сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету немесе бас тарту туралы шешім мен бағалау нәтижесі азаматқа хабарланады.
Егер азамат шешіммен келіспесе, ол ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі аясында келесі мекемелерге шағымдана алады:
  • уәкілетті орган басшысының атына;
  • қызмет көрсету сапасын бақылаушы органға.

«Отбасының цифрлық картасы» қалай жұмыс істейді

«Отбасының цифрлық картасы» – ІІМ, ЕХӘҚМ, ӘМ, МКК және өзге де 24 мемлекеттік базадан алынған деректер негізінде қалыптасатын автоматтандырылған жүйе. Ақпарат нақты уақыт режимінде немесе дереккөздің мүмкіндігіне қарай сұраныс арқылы жаңартылып отырады.
Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін верификация және форматтық-логикалық бақылау алгоритмдері қолданылады.


24 шілде 2025 ж. 176 0

Айбары биік ата заң

25 шілде 2025 ж. 198

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031