Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға келуі мүмкін: Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі туралы мәлімдеме жасады

Қазақстанға келуі мүмкін: Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі туралы мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі бойынша өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді. Өз мәлімдемесінде Қазақстанға келуі мүмкін болса да, ықтималдығы төмен екенін жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Министрлік бұл ауру түрімен бақылау нәтижелері бойынша аса қауіпті инфекциялармен ауырған немесе оларға күдік тудыратын адамдар анықталған жоқ екенін мәлімдеді.
“Аурудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшықеттердің ауыруы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және тері бөртпелері жатады”, – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі ауруды алдын-алу үшін не істеу керектігін ұсынды.
теріде себебі белгісіз бөртпелері немесе басқа да инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен тығыз физикалық байланыстан аулақ болу;
жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтау;
инфекцияға күдік тудыратын адамдардың жеке заттарын, киімдерін және төсек-орын жабдықтарын ортақ пайдаланбау;
ауруға тән белгілер пайда болған жағдайда, әсіресе ауру жағдайлары тіркелген елдерге барғаннан кейін, уақтылы медициналық көмекке жүгіну және медицина қызметкеріне сапарлар мен ықтимал байланыстар туралы хабарлау.
Еске сала кетейік, Қазақстанның екі өңірінде шошқа тұмауының 5 жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігі аурудың белгілері мен сақтану шаралары туралы айтты.

19 қазан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031