Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, елдің бірқатар аймағында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетіп, тұман түседі және үсік жүреді.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде де жел күшейеді.
Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Астанада түнде және таңертең тұман болжанады.
Алматы облысының солтүстігі мен батысында түнде 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Жетісу облысында түнгі температура 2-7 градус аязға дейін төмендеп, Талдықорғанда 3-5 градус аяз болады. Жамбыл облысының шығысында 2 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде 1 градусқа дейін аяз болжанады. Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Ұлытау облыстарының кей аумақтарында жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.










