Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелде жұмыс істеймін деп алаяққа алданып қалмаңыз: Еңбек министрлігі ескерту жасады

Шетелде жұмыс істеймін деп алаяққа алданып қалмаңыз: Еңбек министрлігі ескерту жасады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды
Қазақстандықтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы шетелде жұмыс істеуге уәде беретін күмәнді ұсыныстар көбейген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті азаматтарды интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет мәліметінше, шетелде тез жұмысқа орналастырып, жоғары табыс табуға уәде беретін жарнамалардың артында Қазақстанда ресми тіркелмеген шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдар тұруы мүмкін.
Мұндай ұсыныстарға сеніп, тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы жұмыс іздеу азаматтарға едәуір қаржылық шығын әкелуі ықтимал. Сонымен қатар шетелде жұмысқа орналасу кезінде құқықтық кепілдіктердің болмауы және түрлі қиындықтарға тап болу қаупі бар.
Ведомство дерегінше, алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылардың көбі Қазақстаннан тыс жерде әрекет етеді. Бұл зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғауды және алаяқтарды жауапқа тартуды қиындатуы мүмкін.
Осыған байланысты Көші-қон комитеті қазақстандықтардан желілердегі кездейсоқ хабарландыруларға бірден сенбеуді сұрады. Сонымен қатар жұмыс беруші мен делдал ұйымның заңды қызмет атқаратынын тексеріп, күмәнді тұлғаларға алдын ала ақша аудармауға кеңес берді.

Шетелде қауіпсіз жұмысқа орналасу үшін не істеу керек?
Жұмыс беруші мен делдал ұйым туралы ақпаратты алдын ала тексеріңіз. Еңбек шартының талаптарын мұқият оқып, жұмыс орны, жалақы және еңбек жағдайлары туралы нақты мәлімет алыңыз.
Виза, жұмыс істеуге рұқсат және басқа да қажет құжаттардың заңды рәсімделгеніне көз жеткізіңіз. Жоғары жалақы мен тез жұмысқа орналастыруға қатысты күмәнді уәделерге сақтықпен қараңыз.
Жұмысқа орналастыру үшін алдын ала ақша талап ететін белгісіз тұлғаларға қаражат аудармаңыз.
Көші-қон комитеті шетелде жұмыс іздегенде ресми әрі сенімді арналарды пайдалануға, барлық құжат пен рұқсатты алдын ала тексеруге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі шетелде жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынамыз деген интернеттегі күмәнді хабарландырулардан сақ болуға шақырғаны туралы жазған едік.
19 қазан 2026 ж. 46 0

Алданбаудың амалдары

19 қазан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031