Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда банктердің деректерін бақылау күшейтіледі

Қазақстанда банктердің деректерін бақылау күшейтіледі

Фото: Pixabay
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің деректеріне қол жеткізуді күшейтпек. Жаңа ережеге сәйкес, банктер ішкі жүйелеріндегі ақпаратты орталықтандырылған цифрлық платформаға автоматты түрде жүктеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жаңа қаулы жобасына сәйкес, екінші деңгейлі банктер өз деректерін бекітілген техникалық талаптарға сай ұсынуы керек. Ақпараттың сапасы банктердің өзінде де, платформаның технологиялық операторы тарапынан да тексеріледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік деректерге қорғалған байланыс арналары арқылы қол жеткізеді. Бұл ретте ақпарат платформада тұрақты сақталмайды.
Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуіне де талап қойылады. Егер банк жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіп, деректерге қолжетімділік шектелсе, реттеуші мен технологиялық операторды алдын ала хабардар етуі керек.

Деректердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Платформадағы ақпаратқа жасалған барлық сұрау электрондық журналдарда тіркеледі. Пайдаланушылардың әрекеттері туралы мәліметтер кемінде 3 жыл бойы өзгертілмейтін форматта сақталуы тиіс.
Жаңа ережелер банктердің деректерін қадағалау және есептілік мақсатында ұсынудың бірыңғай тәртібін қалыптастыруға бағытталған. Платформаның технологиялық операторы Ұлттық банктің Цифрлық даму орталығы болады.
Қаулы жобасы қабылданса, реттеуші банктердің деректерін орталықтандырылған платформа арқылы жедел алып, қаржы ұйымдарын қадағалау мүмкіндігін кеңейтеді.
Айта кетейік, 2027 жылдан бастап банктер қазақстандықтардың шоттары мен депозиттері туралы деректерді Үкіметке береді деп жоспарланған.
19 қазан 2026 ж. 44 0

Алданбаудың амалдары

19 қазан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031