Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігін тұман басады: 19 қазанға дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігін тұман басады: 19 қазанға дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» өңірлерде дауылды ескерту жариялап, тұман, қатты жел, жауын-шашын және үсік болатынын хабарлады.
pexels.com
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде 19 қазан күні тұман, қатты жел, жауын-шашын, көктайғақ және түнгі үсік күтіледі.
Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Солтүстік пен орталықта жел күшейеді Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі. Күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Жел екпіні 23–28 м/с-қа жетуі ықтимал. Көкшетауда күндіз желдің екпіні 23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысында шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде батыс пен шығыста, ал күндіз облыстың бірқатар бөлігінде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда да күндіз жел 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Қостанай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қостанай қаласында күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Павлодар облысында түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Күндіз батыс пен солтүстікте желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман күтіледі. Күндіз солтүстікте желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады. Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Батыс пен орталықта өрт қаупі өте жоғары. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс өңірлерде де тұман күтіледі Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және оңтүстік аумақтарды тұман басады. Өскеменде де осы уақытта тұман болуы мүмкін. Абай облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман күтіледі. Семейде де тұман түседі. Оңтүстік-шығыста үсік жүреді Алматы облысында күндіз шығыста солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстік пен батыста ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 2–7 градус үсік күтіледі.
Талдықорғанда ауа температурасы 3–5 градус аязға дейін төмендейді. Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарда тұман болады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде шығыста 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Түркістан облысында таулы аумақтарда тұман түседі. Солтүстікте және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстікте 1 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Облыстың батысында және Түркістан қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары Қызылорда облысында түнде солтүстікте топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстікте жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі бар. Ақтөбе облысында шығыста өрт қаупі жоғары болса, батыста, оңтүстікте және орталықта төтенше деңгейде болады. Атырау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде, сондай-ақ Атырау қаласында өрт қаупі төтенше деңгейге жеткен. Маңғыстау облысында батыс пен орталықта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с болады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Батыс Қазақстан облысында батыс, оңтүстік және шығыс аумақтарда өрт қаупі жоғары болады. Синоптиктер жариялаған ескертулерге байланысты тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, әсіресе тұман мен қатты жел кезінде жолда және ашық аумақта сақтық танытқан жөн.

19 қазан 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031