Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенияда Эбола вирусы таралып жатыр

Кенияда Эбола вирусы таралып жатыр

Елде індет жұқтырған сегізінші жағдай тіркелді.
Фото: istockpoto.com
Демократиялық Конго Республикасында індет өршіп жатқан тұста Кенияда Эбола безгегін жұқтырудың сегізінші жағдайы расталды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, бұл туралы денсаулық сақтау саласының бас директоры Патрик Амот мәлімдеген.
Бүгін 38 адамнан тест алынды. Олардың біреуінен Эбола вирусы анықталды, – деді Амот Кенияның Citizen TV телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, науқас – 49 жастағы ер адам. Ол медицина қызметкері емес. Ер адамда дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және бұлшықет ауыруы байқалған.
Амоттың дерегінше, науқас пациенттерге күтім жасау, ыдыс-аяқ пен төсек-орын жабдықтарын жуу жұмыстарымен айналысқан. Ол Кенияда Эбола вирусын жұқтырған алғашқы науқаспен байланыста болуы мүмкін.
Осы айдың басында Демократиялық Конго Республикасынан Найробиге келген ер адам 5 қазанда ауруханада қайтыс болған еді.
Кения Денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, жаңа науқаста ауру белгілері сенбі күні байқалған. Оны карантинде жатқан басқа адамдардан оқшаулап, жексенбіде тест тапсырған. Зерттеу нәтижесі оның вирус жұқтырғанын растады.
Аймақта індеттің таралуына байланысты Кения билігі санитариялық бақылау шараларын күшейтті. Атап айтқанда, Угандамен шекарадағы Бусиа өткізу бекетінде қосымша шаралар қабылданып жатыр.
Ал жексенбі күні Демократиялық Конго Республикасы індеттің елдегі сегізінші провинцияға – Солтүстік Убангиге таралғанын растады. Бұл жағдай инфекцияның аймақта одан әрі таралуы мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кенияда Бундибуджо түріндегі Эбола вирусын жұқтырудың тағы төрт жағдайы расталған еді. Осылайша, елде тіркелген науқастардың жалпы саны жеті адамға жетті. Бұл туралы ақпаратты Xinhua агенттігі таратты.
19 қазан 2026 ж. 40 0

Алданбаудың амалдары

19 қазан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031