Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 789 теңгені есептеу үшін онлайн-калькулятор іске қосылды

20 789 теңгені есептеу үшін онлайн-калькулятор іске қосылды

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көлемін есептеу үшін онлайн-калькуляторды іске қосты.

Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін дербес жүргізе алады. Онлайн-калькулятор ведомствоның www.enbek.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
Сонымен, АӘК мөлшерін есептеу үшін тұрғылықты өңірін, отбасы мүшелерінің санын, жиынтық табысын: еңбекақыны, алиментті, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан түскен табыстарды, кредиттен (микрокредиттен) түскен табыстарды, сондай-ақ басқа да табыс түрлерін көрсету қажет.
Сонымен бірге, АӘК мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ жоғары және кәсіптік оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 23 жасқа дейінгі студенттердің саны енгізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нан 70%-ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, бұрын АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, енді, әр балаға 20 789 теңге болады.
Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңестерді бірыңғай байланыс-орталығының «111» нөмірі арқылы алуға болады.
01 сәуір 2019 ж. 2 833 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031