Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ысырапшылдыққа қашан тоқтау болады?

Ысырапшылдыққа қашан тоқтау болады?

Қазір, шүкір, елдің әлеуметтік жағдайы түзелген. Десе де халық арасында көп тараған жағымсыз әдеттердің бірі – ысырапшылдық жаппай әдетке айналдырып барады.
Той – халықтың қазынасы. Бірақ көпшілік қуаныш, қазалы жиындарды өткізгенде жағдайларына қарамастан, барынша шашылып, аста-төк ысырапшылдыққа жол беру басымдық алып барады. Дәулетті болса, бірнеше миллиондарды сарп ету, ал кедей болса, несие алып, ұлан-асыр той өткізуге тыраштану жазылмаған заңдылыққа айналғандай. Мұндай төгілудің артында адамдардың қаңқу сөздерінен қорқу, «пәленшеден кем болмауым керек» деген сияқты жалған намыс жатыр. Барлығы рияшылдық, мақтанышқа негізделген іс-әрекеттер. Ал рияның өзі күнә, өзгелер көрсін, мақтасын деген ниетпен жасалған істер жақсылыққа жатпайды.
Өлгендері үшін де шектен тыс мал шашып, ас беріп, керемет мазарлар тұрғызып әуреленеді. Жаратушының өздеріне берген ризық-несібелеріне шүкіршілік ету былай тұрсын, оларды қалай болса солай шашым, харам жолдарға сарп етеді. Алла тағаланың тыйым салған құмар ойындарға, арам істерге жұмсап ысырап қылады. Бұл тұрғыда хакім Абайдың айтқан өнегелі өсиеті әлі де өзектілігін жойған жоқ.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз!
Алла Тағала Құран Кәрімде ысырап етуге қатаң тыйым салған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.а.с) да бұл теріс қылықтан аулақ болуға шақырған. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ішіңдер, жеңдер және садақа беріңдер, бұған ысырап немесе тәкәппарлық танытпай киініңдер», – деп ескерткен.
Тіршілік болған соң ел арасында өлім-жітім болып тұрады. Алла Тағала Құранда: «Өлікті жайлау жұмыстың ең жеңілі болсын», – деген. Сонда да, ел арасында туыстары мен ұрпақтары әртүрлі жағдайларды ойлап тауып, өліні жайлау жұмысын ең ауыры етіп алған.
Шариғатта қаралы үй иелері көңіл айтушыларды қабылдау мақсатында үйінде 3 күн аза тұтуына болады. Көңіл айтуға әртүрлі себептермен келе алмаған жағдайда, бабаларымыз «Көңіл көріскен жерде» деп, бұл мәселеге мән берген.
Алайда азаматтарымыз өлікті жайлаудан бұрын, «кәде-малын қайда?» деп, үй иелерін «жағадан алудан» бастайды. Бұл арада малдың жазығы не? Қаралы үйде 3 күн бойы тамақ дайындалмасын деген қағида қайда? Бұл күндерде асты көршілері, жақындары дайындап әкеліп тамақтандыру – сүннет емес пе еді?.. Садақаны мәйітті жерлеп болған соң 3 күннен кейін берсе де болады. Ал біздің елде шариғатта да, дәстүрде де жазылмаған өліктің жолына бір жылқы, бір сиыр сою, үш немесе бес үйге дастарқан жайып, қонақ қабылдау сынды ойдан шығарған «заңдар» бар. Мұндайда жағдайы бар жақсы адамдардың үйі алты-жеті үйге дастарқан жасап қонақ жайлайды. Ал жағдайы төмен адамдар қайтпек? Онысыз да жақынынан айрылып жылап отырған жандарға, қанша шығын, қанша салмақ? Бұл әркімнің де басына түсетінін ойламай ма?
Көңіл айта келген адамдарға, ұйымдастырушы жігіт: «Жоғары шығыңыздар, нан ауыз тиіп кетіңіздер, кешке бұл шілдехана, ертең жаназасы, қонақ асы», – деп хабарлап тұрады.
Бұл шілдехана емес, ағайындардың оңаша ойластығы. Бұндайда сүйектес ағайын, құда-жекжат, көрші, сол үйдің жақын туыстары қатысады. Жалпыға бірдей шақыру қажет етпейді.
Марқұмның жаназасынан кейін: «Қонақ асы дайын. Мына қонақтар мына үйге кірсін. өтінеді. Бейсенбілік немесе жұмалығы сағат 11–12 де болады», – деп хабарландыру айту да үйреншікті жағдайға айналды. Бейсенбілік, жұмалық жасау еш жерде дінімізде де, дәстүрімізде де жазылмаған, ойлап шығарған қағидалар. Ертеректе талай үлкендерді «шағырып салғанда» салт басқаша еді. Бейсенбі, жұмада болмаса кез келген күні жақын туыстар бір бөлек, көршілер бір бөлек бата оқып келетін. Үй иесі майдың иісін шығарып дастарқанға бір тәрелке бауырсақ қояды, жеті шелпек садақа таратады. Бата оқи келген бауырлар нан ауыз тиіп, уақыты болса 1–2 кесе шай ішіп, Құранын оқып кететін. Кетіп бара жатып кім 1 сом, кім 2 сом, кім 3 сом отырған жеріндегі көрпенің астына қалдыратын. Бұл қаралы үйге демеушілік амалы.
Жоғарыда айтылғандай тонаушылық емес!
Кырық күндік садақасына шейін әр бейсенбі немесе жұмалыққа, қорап-қорап қаппен азық-түлік тасу тағы бар. Қаралы үйге жәрдемдесу орнына, аса салмақ салып өрескелдік көрсетіп, дастарқанға қойылғандарды сыпыра тонау, ысырапқа жол беру емес пе?..
Ол аз болса дастарқан басында ру-руға «аталық» таратады.
Сандық ашу әлі қойылмай келеді. Келген қонақтарына көрпе, кілем үлестіреді.
Қаралы үйдің тұрмысы нашар, немесе қарыздары көп болса одан сайын қарызға батырып садақа беруі дұрыс емес. Несие алып садақа жасау харамға жатады.
Жетілігі, қырқы, жүзі, жылы деп садақа беру дәстүрге айналып кеткен. Жетілігі, қырқы, жүзі, жылы деп садақа бергенде, бір күн молдаға, екінші күні жалпысы деп екі күн қонақ жайламай-ақ, бәрін бір күнде өткізсе де болар еді. Мына заманда кімнің уақыты бар дейсіз. Осы айтылған ұсынысты құп көріп, барлық ысырапшылықты жойып, халыққа көп жеңілдік жасау жөн болар еді.
Өліні жайлау тойға айналғандай. Ас мәзірін қанша таратып берсе де, дастарқанды өрнектеп барын қойып жатады. Бұларға тыйым немесе бақылау жоқ.
Айтарым, бейсенбілік, жұмалық жасауды тоқтату керек. «Сандық ашу», «аталық» деп ақша тарату дұрыс емес. Кілем, көрпе таратуға да тыйым салынғаны жөн. Әр азамат әкелген азасын міндет қылмай, тастап кетсе болады.
Шын мәнінде, тойдан не қазадан кейін кейін бірнеше жыл бойы қарыз өтеу отбасының берекесіне әсер етпеуі керек.
Қазақ халқы қашанда қуаныш мен қайғысын елмен бөлісіп, ағайынның басын қосқан халық. Олар дастарқан жайып, дүние шашатын орын емес, ағайынның бірлігін бекемдеп, үлкеннің батасын алып, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін тәрбиелік мәні бар орта. Сондықтан бүгінгі басқосулардың даңғазасына емес, мән-мағынасына көбірек көңіл
Қазақтың дәстүрінде «шашылу» ғана емес, «шамаңды біл», «қанағат қыл», «ысырапқа жол берме» деген ұғымдар да болған. Дастарқанның берекесі оның тағамының көптігімен емес, ниеттің ақтығымен өлшенген. Қонаққа құрмет көрсету – міндетті түрде шектен тыс шығындалу деген сөз емес.
Ысырапшылдықпен күресуді тек бір адамның немесе бір отбасының міндеті деп қарауға болмайды. Бұл – қоғам болып ойланатын мәселе. «Елден қалмайын» деген бәсекенің орнына «елге үлгі болайын» деген ұстаным қалыптасса, тойдың да тәрбиелік мәні арта түсер еді.
Жәмшейіт СҮГІРБАЕВ
01 қыркүйек 2026 ж. 158 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031