Нөсер, қар және көктайғақ: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
Алматы - түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15-18 метрге жетеді. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метр болады.
Шымкент - түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысы - облыстың оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20, кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы - солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метр болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы - түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр, күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді.
Атырау облысы - батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыс орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы - жаңбыр жауады, облыстың шығысында, орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Жамбыл облысы - түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде нөсер жаңбыр, шығысында және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 15-20 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 23-28 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда секундына 23 метр болады.
Абай облысы - түнде облыстың солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда секундына 23 метр болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Қостанайда қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда-да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.











