Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды кірпік және тырнақ жалғау харам ба? ҚМДБ жауабы

Жасанды кірпік және тырнақ жалғау харам ба? ҚМДБ жауабы

Фото: Depositphotos.com
Қазір қыз-келіншектер жасанды кірпік пен тырнақ жалғауды әдетке айналдырған. Ислам шариғаты бойынша тырнақты өсірудің өзі күнә саналады. Ал жалған кірпік пен тырнақ жалғауға қатысты үкім қандай? Бұған Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

ҚМДБ мәліметінше, Сахаба Әнас ибн Малик "Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды 40 күннен асырмау бұйырылды", - деген, ал одан асыру - күнә.

Дегенмен бет-әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға душар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды мәжбүр жағдайда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Өйткені, шариғат адам ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттеген.

"Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік мақсатта жалғаса, ол жайында ғұламалар бірауыздан харам деген үкім берген. Өйткені ол Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып саналады.

Хадисте: "Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салдырушыны, қас теруші және қас тергізушіні, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды және Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағынеттеді", - делінген хабарламада.

Сонымен, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми үкіміне сәйкес,

Сәндік мақсатта кірпік не тырнақ жалғауға тыйым салынады;
Тырнақты апта сайын алу - мұстахап, 40 күннен асыру - харамға жақын мәкруһ;
Зәрулік жағдайда (ауру т.б) жасанды кірпік және тырнақты қоюға рұқсат етіледі.
Айта кетейік, бұған дейін дін өкілдері "блефаропластикаға рұқсат етіле ме?" деген сұраққа жауап ретінде мәлімдеме жасаған болатын.
30 қаңтар 2024 ж. 149 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 53

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 104

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 112

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 81

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 107

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031