Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең үздік жұмыс берушілер белгілі болды

Әлемдегі ең үздік жұмыс берушілер белгілі болды

Фото: depositphotos.com
Microsoft үшінші жыл қатарынан әлемдегі ең үздік жұмыс беруші атанды. Forbes пен Statista-ның World’s Best Employers 2026 рейтингінде екінші орынға Delta Air Lines, ал үздік үштікке Shopify кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Microsoft үшінші жыл қатарынан бірінші орынға шықты.

2-орын — Delta Air Lines — өткен жылғы орнын сақтап қалды;
3-орын — Shopify — 14-орыннан көтерілді;
4-орын — Costco Wholesale — 12-орыннан көтерілді;
5-орын — Nvidia;
6-орын — Adobe;
7-орын — Apple;
8-орын — Sony Group;
9-орын — Alphabet — Google-дың бас компаниясы.
Алғашқы ондықты Данияның LEGO Group компаниясы түйіндеді. Бұл – үздік ондыққа енген жалғыз еуропалық компания.
Үздік ондықтағы компаниялардың жетеуі АҚШ-та орналасқан. Олардың төртеуі IT, бағдарламалық жасақтама және технологиялық қызметтер саласында жұмыс істейді.Зерттеуге 50-ден астам елден 300 мыңнан аса қызметкер қатысты. Нәтижесінде 900 компания кірген рейтинг жасалды. Бағалау кезінде қызметкерлердің жұмыс берушісіне берген бағасы, компанияда жұмыс істеуге қаншалықты риза екені және оны достары мен туыстарына ұсыну-ұсынбауы ескерілді. Қатысушылар бұрынғы жұмыс орындары туралы да пікір білдіре алды.
Рейтингке халықаралық нарықта жұмыс істейтін ірі компаниялар енгізілді.
05 қазан 2026 ж. 52 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031