Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «МҰҒАЛІМ» ӘЛЕУМЕТТІК ДРАМАСЫ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

«МҰҒАЛІМ» ӘЛЕУМЕТТІК ДРАМАСЫ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Қазалы қалалық Мәдениет үйінің жанындағы халық тетарының ұйымдастыруымен жазушы, драматург Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» әлеуметтік драмасы көрермен назарына ұсынылды.
Жиылғандарға ерекше кеш сыйлаған қойылымды қала тұрғындарымен бірге аудан әкімі Алмасбек Есмахановта тамашалады.
Туындыда қазіргі қазақ қоғамындағы мұғалімнің мәртебесі, ішкі жан дүниесі мен әлеуметтік қиындықтары терең әрі шынайы бейнеленген. Бұл шығарма – бір ғана мамандық иесінің тағдыры емес, тұтас қоғамның бет-бейнесін көрсететін мазмұнды қойылым. Сахнада мұғалімнің материалдық жағдайы мен рухани биіктігі арасындағы алшақтық, ұстаз еңбегінің қадірі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі әсерлі түрде ашылды.
Қойылымнан кейін аудан әкімі шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған, тәрбиелік мәні зор осындай қойылымдардың қоғам үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.
Қойылым соңында халық театрының өнерпаздары көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

27 ақпан 2026 ж. 132 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930