Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "117 пәтер" атты қойылым көрермен ықыласына бөленді

"117 пәтер" атты қойылым көрермен ықыласына бөленді

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде жас драматург, актер әрі режиссер Қазыбек Аманжолдың «117-пәтер»атты драмалық спектаклі сахналанды.
Жиылғандарға ерекше көңіл-күй сыйлаған қойылымды аудан әкімі Алмасбек Есмахановта көрермендермен бірге тамашалады.
Қойылым қазіргі қоғамдағы әлеуметтік, отбасылық, адами қатынастардың түрлі қырларын шебер суреттейді. Жалдамалы пәтердегі отбасылардың өмір сүру дағдысы, әр отбасының ішкі драмасы, тіршілікке деген көзқарасы — бәрі сахнада шынайы әрі әсерлі бейнеленіп, көрермен көңілінен шықты.
Қазыбек Аманжолдың «117 пәтер» қойылымы бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеріп қана қоймай, көрерменді ойлануға, қоғамға сын көзбен қарауға үндейді. Шығармада драма мен юмор, қайғы мен үміт, күйбең тіршілік пен адамгершілік сынды сезімдер тоғысып, жүрекке жол табады.
Қойылым соңында өнерпаздар көрермендердің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді.
23 қараша 2025 ж. 232 0

Күлкі мен ойға толы кеш

09 маусым 2026 ж. 59

Төрт ауылға-тұрақты жылу

09 маусым 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930