Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллениум мезет: мұғалімнің ізгілік мұраты

Миллениум мезет: мұғалімнің ізгілік мұраты

Театр – рухтың тазару мекені. Пендәуи ойдан арылып, ішкі әлеміңізбен тілдескіңіз келсе, театрға барыңыз! Иә, керемет туындылардың тамаша қойылымдары бізде де сахналанады. Жақында қазалылық көрерменге жол тартқан «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиялық драмасы қоғамдағы өзекті мәселелерді сахна тілінде сөйлетті. Бұл – жай ғана қойылым емес, «миллениум мезеттен» үзіліп түскен заманауи толғаныс.
Қазалы қалалық Мәдениет үйінің жанындағы Халық театры өнерсүйер қауымға кезекті рухани тартуын ұсынды. Бұл жолы көрермен назарына белгілі жазушы-драматург Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» атты әлеуметтік драмасы жол тартты. Қойылымды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов пен қала тұрғындары бірге тамашалап, театр өнерінің құдіретіне куә болды.
Қойылым режиссері – Бақыткелді Надиров, суретшісі – Ануза Жақсыбаева. Басты кейіпкер мұғалім Айдана Айдарбекқызын – Айнұр Сыдық сомдап шықты. Сахналық қойылымға ауданның көркемөнерпаздары қатысып, жоғары деңгейдегі актерлык шеберліктерін көрсетті. Екі сағатқа созылатын қойылым көрерменді бірден уақыт тұтқынына айналдырады. Мұнда басты кейіпкер кім екенін дөп басып айту қиын: әуелде мұғалім алға шықса, орта тұста оқушы, ал соңында ата-ана персонажы үстемдік құрады. Бұл – бүкіл қоғамның жанайқайы. Сахнадағы Нариман, Іңкәр, Ербол, Бүркіт пен Зариналар – ескі көзқарасты бұзып, еркіндікке ұмтылған бүгінгі жастар. Ал олардың ата-аналары балаларының өміріне «дирижер», сеніміне «диктатор» болғысы келеді. Осы бір «деспоттық» қабырға мен жас толқынның аңсары арасындағы қақтығыс көрерменді терең ойға шомдырады. Мектепке уақытша келген жас маман Айдана Айдарбекқызы оқушылардың санасын оятуға күш салады. Ол – өзгенің бақытынан бақыт іздеген риясыз жан. Алайда оның ізгілікке толы ұстанымдары қатаң қағидаға бағынған ата-аналарға жақпайды. Дәл осы тұста режиссер әр адамды өз қорқынышымен бетпе-бет келуге шақырады. Спектакль соңында физика мен химияның заңдылықтары диффузия, тербеліс, тартылыс күші метафора ретінде қолданылады. Бірақ адам тағдыры ешқандай қатаң формулаға бағынбайтынын түсінесіз.
Драманың арқауы – қазіргі қазақ қоғамындағы мұғалімнің мерейі мен мәртебесі. Мұнда ұстаздың тек кәсіби болмысы ғана емес, оның нәзік жан дүниесіндегі тебіреністер мен күнделікті тіршіліктің тауқыметі астарлы әрі ашық баяндалған. Бұл – бір ғана маман иесінің тағдыры емес, замана тынысы мен қоғамдық сананың көрінісі. Туындының өзегі – бүгінгі қазақ қоғамындағы ұстаздың мәртебесі, оның ішкі арпалысы мен күнделікті тіршіліктегі әлеуметтік түйткілдері. Бұл жай ғана мамандық иесінің хикаясы емес, тұтас қоғамның бет-бейнесін айшықтайтын терең мазмұнды шығарма. Сахна төрінде ұстаздың рухани биіктігі мен материалдық жетіспеушілік арасындағы тартысы, мұғалім еңбегінің шынайы қадір-қасиеті, қоғам алдындағы жауапкершілік жүгі әсерлі де шынайы бейнеленді.
Қойылым соңында аудан басшысы ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған, тәрбиелік мәні зор мұндай қойылымдардың бүгінгі ұрпақ үшін маңызы өте жоғары екенін өтті.
Театр – өмірдің айнасы десек, бұл қойылым сол айнадан бүгінгі қоғамның шынайы келбетін көрсетіп берді. Спектакль аяқталғанда зал толы көрерменнің ыстық ықыласы мен толассыз қошеметі Халық театры өнерпаздарына деген шынайы құрметтің белгісіндей болды. Әртістердің шебер ойыны мен драматургтің өткір қаламынан туған туынды көрерменді ойландырып қана қоймай, жанын тебірентті. Аудан әкімі шығармашылық ұжымға алғыс айтып, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі. Қазалылық өнерпаздар бұл кеште театрдың жай ғана ойын-сауық емес, қоғамдық сананы жаңғыртатын үлкен мектеп екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Көрермен залы ұзаққа созылған қол шапалақ пен «Бәрекелді!» деген ыстық ықыласқа толды. Халық театрының талантты өнерпаздары өз рөлдерін шынайы алып шығып, жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Бұл кеш қазалылықтар үшін тек театрлық қойылым емес, ой саларлық үлкен ғибрат сағатына айналды.

Айнұр ӘЛИ
28 ақпан 2026 ж. 26 0

Еңбегі елдің есінде

28 ақпан 2026 ж. 22

Қарғыс ұратыны рас па?

28 ақпан 2026 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728