Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлысы асылдан, ырысы тасыған – Батыр баба ауылы

Ұлысы асылдан, ырысы тасыған – Батыр баба ауылы


«Ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын» деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазір шалғай жатқан елді мекендердің жайы тысқары қалып жатқан жоқ. Ауылдар түрленіп, гүлденіп, экономикасын барынша реттеп жатыр. Кәсібінің көкжиегі кеңейіп, жаңа жолдар жұртшылықты қуантуда. Иә, ауыл – береке мен байлықтың бастауы. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің қайнар көзі. Бүгінде халықтың ордасы саналатын ауылдарды түлету, тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.


ӨРГЕ СҮЙРЕГЕН ӨРКЕНДІ ІС

Жаңқожа батыр ауылы – ежелден жақсылар мен жайсаңдардың алтын бесігі болған мекен. Тілеуі ортақ тұрғындардың құтты шаңырағы. Арықбалық ауылдық округі 1928 жылы бұрынғы Қазалы уезі, Арықбалық болыстығы негізінде Арықбалық ауылдық кеңесі болып құрылған, 1928 жылы бірнеше артелдер мен серіктестер бірігіп Жиделі колхозы ұйымдасқан кезде колхоз орталығы болған екен. 1950 жылы шілде айында ұсақ колхоздар Жиделі, Чапаев, Демитров, Жаңалық, Интерноциалдар бірігіп Ленин колхозы болады. Ал 1961 жылы Көларық колхозына қосылып савхоз құрылады да 1963 жылы қайтадан бөлініп Қазақстан 40 жылдығы атындағы савхоз болып қайта құрылады. 1992 жылдың 29 қазанында сол кездегі Қазалы ауданының әкімі Ж.Шәріповтің №331 шешімімен бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар «Жанқожа батыр ауылы» болып қайта құрылады. Арықбалық ауылдық округі аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Құрамына Жанқожа батыр елді мекені кіреді. Экономикалық типіне сәйкес тіректі елді мекеннің қатарына жатады.
Жанқожа батыр ауылының әлеуеті жоғары, тұрғындарының тыныс-тіршілігі қалыпты. Жерінің көлемі – 18 334 гектар. Оның ішінде жайылымдық – 7 586 га, шабындық жер – 263 га, егістік – 193 га. Халық саны – 1590 адам, 290 отбасы бар. Жанқожа батыр ауылындағы 2025 жылы салынған 300 орындық «Жайлы мектеп», 2015 жылы салынған 90 орындық №24 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасы, 200 орындық ауылдық мәдениет Үйі 1981 жылы типтік жобада салынған. Мәденет Үйі ғимаратында орналасқан кітапхана, 2013 жылы типтік жобада салынған. Дәрігерлік амбулатория 11 адамға арналған күндізгі емдеу орнымен қамтылған. 2018 жылы салынған спорт кешені, мешіт, пошта байланыс бөлімшесі, сауда дүкендері жұмыс жасайды. Ауылдық округтің негізгі экономикалық бағыты – мал шаруашылығы. Ауыл көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны – 103, оның ішінде 33 шаруа қожалық, 1 заңды тұлға, 69 шағын жеке кәсіпкерлер бар.
Биылғы жылдың жарты жылдық мәліметі бойынша, Арықбалық ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардың легіне тоқталсақ. Мамандардың айтуынша, Жаңқожа батыр ауылы облыс орталығынан 430, аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әлеуеті жоғары елді мекен. Экономикалық белсенді халық саны – 973 адам. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 32, жұмыссыздық деңгейі 3,0 пайызды құрайды. 2025 жылға қаралған 62642,8 мың теңгеден бүгінгі күнге 62640,8 мың теңге игеріліп, 6 ай қорытындысымен 100 пайызға орындалған. Ауылдық округ бойынша биылға есептелінген барлық салықтық түсімдерден 8 017 000 мың теңге жоспарланып, оның ішінде мүлік, жер салығы – 85 000 теңге, заңды тұлғалардың жер салығы – 31 000 теңге, көлік салығы – 1 930 000 теңге, жеке табыс салығы – 5 133 000 теңге, бірыңғай жер салығы – 570 000 теңге, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар 10 000 мың теңге, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер – 58 000 теңге, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 200 мың теңгеге жоспарланып, 6 айға орындалуы барлығы 7 933 400 теңге түсім түсіріліп жоспар 98,5 пайызға орындалған.

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ – ЕЛДІ ДАМЫТУ

Ауылға көңiл бөлу, оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Қазақ мемлекетінің қалыптасуы және дамуы негізінен ауыл өмірімен тікелей байланысты. Ауыл болуы үшін оның тірлігін пайымдайтын әртүрлі жағдайлар қажет. Бұрынғы замандарда көшпелі қазақ халқының тіршілігі көбінесе мал өсіру мен оны пайдалану мүмкіншілігіне байланысты болды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Үкімет ауылды дамытуға және ауылдық елді мекендерді көркейтуге көп көңіл бөлуде.
Ауылда 2 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 14 адам маусымдық жұмыс орнына, «Жайлы мектеп» құрылысына 45 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Ақылы қоғамдық жұмысқа 15 адам орналасқан. Күміс жас бағдарламасы аясында жеке шаруа қожалыққа 2 адам жұмысқа орналасып, әлеуметтік жұмысқа орналастыру бағдарламасы аясында 2 адам жұмысты болыпты. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы жоқ. Ауыл көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны – 103, олардың 33 шаруа қожалық, 1 заңды тұлға, 69 шағын кәсіпкерлер, оның ішінде 7 дүкен, 1 монша, 13 жолаушылар тасымалы, 1 мүлік жалға беру, 2 балық өнімдерін өндіру, 2 құрылыс-жөндеу жұмыстары, 43 мал шаруашылығы және басқа да кәсіп түрлерімен айналысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс істейді. Округте «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 1 тұрғын түйе жүн көрпе өнімдерін өндіру жобасы бойынша 3,3 миллион теңге несие алса, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 4 адам кәсіпкерлік негіздері туралы білім алды. Нәтижесінде 1 тұрғын 1 572 800 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Биыл алынған несиелер мен гранттың барлығы 4,9 миллион теңгені құрады. Алдағы уақытта қаржы ұйымдары арқылы шаруашылықтарды несилендіру бойынша жұмыстар жалғастырылмақ.
Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығымен 33 шаруа қожалық айналысады. Есепті мерзімде ауыл көлемінде мал басы саны – 7650 оның ішінде мүйізді ірі қара – 2225, қой – 2086, ешкі – 1464, жылқы – 1652, түйе – 223, құс – 650 басты құрап отыр. Шаруа қожалықтары 3 737 га шабындық жерден 1500 тоннаға жуық мал азығын даярлап, өз-өздерін мал азығымен қамтамасыз етуде.
«Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы тарапынан «Коммуна» каналына механикалық тазалау (11 шақырым) жұмыстары жүргізілсе, жергілікті шаруа қожалықтарының демеушілігімен «Айтқұл» каналын тазалау жұмыстары жүргізілген. Ауылдық округ бюджетінен 2 000,0 мың теңге бөлініп, иесіз канал ретінде есепке алынған негізгі Р-3 каналына құқық белгілейтін жер сәйкестендіру құжаттары жасалған. Ауыл орталығындағы 10 көшенің 9-ы толық жөндеуден өткен. Ауыл көлеміндегі барлық көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым болса, оның 9,6 шақырымына асфальт төселген. Жол ережелерін сақтайтын белгілер, жүргіншілер жолы салынған. Сонымен қатар 6 көшеге түгел жарық шамдары орнатылған.
Аудандық бюджеттен бөлінген 10 555,0 мың теңгеге ауыл орталығындағы ардагерлер алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ауылдың кіре берісіне жарық диодты арка орнатылған. Жайлы мектептің сыртқы инфрақұрылымдарын қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 12 000,0 мың теңге бөлініп, Әйтеке би көшесіне жаяу жүргіншілер жолы, мектеп сыртына жол салыныпты. Ауыл көшелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1534,0 мың теңге бөлінген. Көгалдандыру бойынша мердігермен келісім шартқа отырып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары ауылда тұрақты жүргізіледі. Аптасына 2 рет сусорғыш арқылы ауыл тұрғындарының бау-бақшаларына аяқ су беру жолға қойылған. Бау-бақша егу үшін 25 гектар жер белгіленіп, бау-бақша дақылдары егілген. Санитарлық тазалық айлығына мекемелер мен ауыл тұрғындары, ауыл жастары белсене араласуда.
Білім саласы бойынша, былтыр мектепті 17 бала бітіріп, оның 15-і ҰБТ-ға қатысқан. 4 бала «Алтын белгі» иегері атаныпты. Ал №24 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде.
Округте 2013 жылы пайдалануға берілген «Жанқожа» дәрігерлік амбулаториясында күнделікті келген науқастарды қабылдап, халық игілігіне жұмыс жасауда. Амбулаторияда 11 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияда барлығы 20 қызметкер тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде.

ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН МЕКЕН

Биылғы жылдың жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар тұрақты атқарылып келеді. Нақтырақ айтсақ, жарты жыл көлемінде 20 ауылдық, 3 аудандық 1 облыстық мәдени іс-шара өткізілген. Қамтылған көрермен саны 2000 адамды құрапты. Ауылдың өнерпаздары аудандық, облыстық байқауларға қатысып, топ жарып жүр. Ауылдағы кітапханада 22 251 кітап қоры бар. Оқырман саны – 685 адам. Ал ауыл орталығында 2011 жылы пайдалануға берілген шағын спорт алаңы, 2018 жылы пайдалануға берілген спорт мектебі тұрақты жұмысын жасауда. Спорт мектебінде төрт секцияда 120 бала дайындықтан өтуде. 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 17 тұрақты, 4 маусымдық жұмыс.
Жарты жылдық бойынша 18 адам округ әкімінің жеке қабылдауында болып, жеке тұлғадан 9 өтініш түсіп оның барлығына да заңға сәйкес жауап берілген. Округ әкімінің 54 өкімі, 6 шешімі шығарылған. Аса қауіпті аурулардың алдын алу жоспарларына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларына диагностикалық тексерулер мен жұқпалы ауруларға қарсы ем-шаралары кестеге сай толықтай атқарылуда. Биылғы жылы ауыл көлемінде кенеге қарсы ветеринариялық шаралар жүргізілген.
Ауылдық округ бойынша 14-35 жас аралығында 461 жас бар. Оның 222-сі ер, 239-ы әйел, 81-і оқушы, 104-і студент, 12-сі жұмыссыз, 47 әйел бала күтімінде. Сондай-ақ ауылда «Сарықұл қожа» мешіті бар. Терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған. Діни экстремизмге қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп отыр. Жоспарға сәйкес ауыл тұрғындарына, ауыл жастарына бағытталған имандылыққа баулитын түрлі іс-шаралар өткізіліп, ауыл имамы тарапынан діни насихат жұмыстары жүргізілуде. Ауыл жастары қаржы жинап, имам жалақысы ретінде айына 80 мың теңге беріледі.
Күл-қоқыс тастайтын арнайы жерді ауыстыру бойынша халықтың ұсынына сәйкес аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, полигон жері мал қорымының жанына ауыстырылды. Ауыл бойынша сұрыптап тастайтын 8 дана, қатты қалдықтарды бөлек сұрыптайтын 7 дана, қауіпті қалдықтарды тастайтын 2 дана, барлығы 17 контейнер орнатылған.
Биылғы жылға жоспарланған жұмыстар да аз емес. Мәселен, Жанқожа батыр ауылының кіре беріс 3 км жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Жоба құны – 476,8 миллион теңге. Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Түктібаев ауылдарына магистральді газ құбырын тарту жұмыстары да жүзеге аспақ. Бұл жобаның құны – 2,171 миллиард теңгені құрайды. Ал Жанқожа батыр ауылының орамішілік газ құбырын тарту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жоба құны – 336 839,7 мың теңге. Елді мекеннің электр желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Құны – 800,0 миллион теңге.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» – ЖАҢА ТЫНЫС

Жас ұрпақтың білімі мен оқу-ағарту ісіне барынша көңіл бөлу – мемлекеттің ең маңызды міндеті. Биыл өңірдің білім саласына бөлінген қаржы 262 миллиард 100 миллион теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,2 пайызын құраған. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салынады. Осы жобамен аймақта 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп салу жоспарланған. Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 білім ордасының іргетасы қаланды. Соның бірі – ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылындағы 300 балаға арналған білім ошағы. Құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған бұл мектеп биыл ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып, қауіпсіздік толық қамтылған. Мектеп 2 қабаттан тұрады және ішінде спортзал, асхана, кітапхана, басқа да арнайы кабинеттер қамтылған. Кең әрі заманауи жабдықталған оқу кабинеттері, жайлы сынып бөлмелері бәрі де баланың алаңсыз білім алып, болашаққа сенімді қадам басуы үшін жасалған. Айта кеткен жөн, мектеп ауласында оқушылар үшін арнайы ойын алаңдары салынған. Бұдан бөлек, жарық шамдарда да орнатылып мектептің іргеліс аумағында орналасқан Ш.Жалғасбаев және Әйтеке би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынып, толығымен абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

ТҮЙІН: Иә, өңір экономикасын дамытуда ауылдың әлеуетін көтерудің маңызы жоғары. Бүгінде ауыл-аймақтың жайы біршама реттеліп, даму динамикасы оң нәтиже беруде. Көптеген ауылда ауыз су, жол, газдандыру, мектеп, балабақша секілді түйткілді мәселелер шешімін тауып, ауыл халқының тыныс-тіршілігінде жаңа бір леп пайда болғандай. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Бұл жолда атқарылған, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жалғасын таба бермек.

Айнұр ӘЛИ



24 маусым 2025 ж. 161 0

Дөңгелек үстел өтті

24 маусым 2025 ж. 242

IQANAT-та топ жарды

24 маусым 2025 ж. 136

Бас жүлде – Қазалыда

24 маусым 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30