Шаруасы шалқыған Арықбалық
Жуырда Арықбалық ауылдық округі әкімі М.Кайруллаевқа жолығып, ауылдың тыныс-тіршілігі мен ағымдағы жылдағы атқарылған келелі істері жайында біліскен едік.
Жаңқожа батыр ауылы облыс орталығынан 430, аудан орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан әлеуеті жоғары елді мекен. Жер көлемі 18334 гектар. Оның ішінде:жайылымдық жер – 4916 гектар, шабындық – 3737 және егістік – 714 гектарды құрайды.
Халық саны – 1606, отбасы саны – 283, жанұя саны-368 Экономикалық белсенді халық саны – 858 адам. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 51, жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайызды құрайды.
2022 жылдың 10 айында 66 321,4 мың теңге игеріліп, жоспар 99,8 пайызға орындалды.
2022 жылға есептелінген салық түрі бойынша жоспар елдi мекендер жерлерiнде жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 30 мың теңге (орындалғаны25,6 мың теңге), жоспар жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын 121 мың теңге (орындалғаны 126,1 мың теңге), жеке тұлғалардың көлік салығынан жоспар 1 352 мың теңге (орындалғаны 965,4 мың теңге), жеке табыс салығынан 8 мың теңге, барлық жоспар 1 583 мың теңге. 2022 жылдың 10 айы бойынша барлық салықтардан 1 125,1 мың теңге түсім түсіріліп жоспар 71,1 пайызға орындалды.
– 2022 жылдың 10 айында округ бойынша 47 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмысқа 45 адам, Жастар практикасына - 10 адам, Күміс жас жобасы аясында – 3 адам шаруа қожалықтарына жұмысқа тартылды, Алғашқы жұмыс орны жобасы аясында – 1 адам №94 орта мектепке қабылданды, 1 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.
Ауыл көлемінде кәсіпкерлік субъектілер саны – 95, олардың – 32-сі шаруа қожалық, 2 заңды тұлға, 61 шағын кәсіпкерлер, оның ішінде 5 – дүкен, 1 – монша, 1 – кіші наубайхана, 6-жолаушылар тасымалы, 2-жүк тасымалы, 1-мүлік жалға беру, 2 – балық өнімдерін өндіру, 43 – мал шаруашылығы және басқада кәсіп түрлерімен айналысушылар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмыс жасайды. 2022 жылдың 10 айы бойынша жаңадан 19 кәсіпкер тіркелген.
2022 жылға округ бойынша 1 тұрғын жылқы малын көбейту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 3,8 млн теңге несие алса, жеке кәсіпкер Әлиева Гүлбану түйе шаруашылығын дамыту мақсатында «Сырдария-1» кредиттік серіктестігі» ЖШС-нен 11,4 млн теңге несие алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы стартап жаңа бизнес идея жобасы бойынша 7 адам 8.6 млн теңге қайтарымсыз грант алды. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жек кәсіпкер Рзақұл Серік 20,0 млн теңге несие алса, Елеу Гүлсара бағдарламалардан тыс екінші деңгейлі банк және қаржылық ұйымдар арқылы 2,0 млн теңге несие алып кәсіптерін жүргізуде. Алдағы уақытта қаржы ұйымдары арқылы шаруашылықтарды несилендіру бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – дейді Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Кайруллаев.
Шаруасы шалқыған
Ауылдық округ бойынша мал шаруашылығымен 32 шаруа қожалығы айналысады. Есепті мерзімде мүйізді ірі қара – 3424, қой-ешкі – 4995, жылқы – 1443, түйе – 184, құс – 500 басты құрап отыр.
Мал жайлымын кеңейту мақсатында «Шәкен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдаланылмай отырған 817 гектар жер учаскесі мемлекетке кері қайтарылды. Қуаңшылыққа байланысты мал суаттарын көбейту мақсатында ауылдың солтүстік-батыс беткейінен биылғы жылы бір бұлақ қазуға қаржы бөлінді. Бұдан басқа ауылдың оңтүстік-батыс беткейінен Тазнұра жанынан бір бұлақ қазуға өтінім берілді. Сонымен бірге, ауыл маңындағы 5 бұлақтың құжаттары әзірленді. (Бисенбай бұлақ, Ақбел, Егізбай, Жиделі, Жиделі 1). Бұл бұлақтарды жөндеу үшін тиісті органдарға ұсыныс берілді.
Ауылда атқарылған іс көп
Ауыл орталығындағы 10 көшенің 9 толық жөндеуден өткен. Ауыл көлеміндегі барлық көшелердің ұзындығы 10,7 шақырым болса оның 10,3 шақырымына асфальт төселінген. Жол ережелерін сақтайтын белгілер, жүргіншілер жолы салынған, сонымен қатар аталған көшелерге түгел жарық шамдары орнатылған.
Ағымдағы жылы көгалдандыру бойынша мердігермен келісім шартқа отырылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстар жүргізілсе, Ауыл ішін аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған Аққолқа каналын қазу жұмыстарына 20,0 млн теңге қаржы бөлініп механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Ауылдың Ә.Оспанов, К.Күнбергенов, Ш.Ырғызбаев көшелерін, яғни ауылдың 3/1 бөлігін аяқсумен қамтамасыз етіп отырған «Атсойған» каналын (иесіз канал, 1,7 шақырым) механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Жобалау-зерттеу жұмыстары бойынша құны 8,5 млн теңге тұратын жұмысты «Кызылорда Дос Строй Проект» ЖШС мекемесі өз демеушілігімен «Атсойған» каналын 200 мың теңгеге механикалық тазалау жұмыстарын жасап берді. Аптасына 2 рет сусорғыш арқылы ауыл тұрғындарының бау-бақшаларына аяқ су беру жолға қойылған. Бұл ретте өткен жылы құны 9,6 млн теңге тұратын жаңа СНП-500/10 маркалы насос сатып алынып елдің игілігіне пайдаланып отырмыз.
– Ағымдағы жылға бау-бақша егу үшін 20 га жер белгіленіп, бау-бақша дақылдары егілді. Көктемгі, күзгі көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық айлығына мекемелер мен ауыл тұрғындары, ауыл жастары белсене араласуда, сонымен бірге ауыл ішінде орналасқан жасыл белдеуді 2,0 млн теңгеге қоршау жұмыстары жүргізілді. Қуаңшылыққа байланысты мал суаттарын көбейту мақсатында ауылдың солтүстік-батыс беткейінен бұлақ қазу жұмыстарына құны 17 920 млн теңге қаржы бөлініп бұлақ қазу жұмыстары жүргізілуде
2022 жылы мектепті 6 бала бітіріп , оның алтауы ҰБТ-ға қатысты. №24 «Жауқазын» бөбекжай балабақшасында – 90 бала тәрбиеленуде.
Округте 2013 жылы пайдалануға берілген «Жанқожа» дәрігерлік амбулаториясында күнделікті келген науқастарды қабылдап, халық игілігіне жұмыс жасауда. Амбулатория сырқаттарға 11 төсектік күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулаторияда барлығы 20 қызметкер, олардың жоғарғы білімдісі 1, арнаулы орта білімдісі 12, техникалық қызметкер 7 адам. Вакцинаны ауыл халқы 100% алды. Ревакцинация – 70 % орындалды, – дейді ауыл әкімі.
Жылдық жоспарына сәйкес түрлі іс-шаралар тұрақты атқарылып келеді. Нақтырақ айтсақ 10 ай көлемінде 26 ауылдық, 2 аудандық мәдени іс-шара өткізілді.
«Кітап – білім бұлағы» деп бекер айтпаса керек. Себебі оны жаны сүйген адам білім бұлағынан сусындап, рухани шөлін қандырады. Бірнеше жылдан беріл ауыл тұрғындарына жергілікті кітапхана қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда ауыл кітапханасының – 21958 кітап қоры бар. Ал оқырман саны – 685 адам.
Жанқожа батыр ауылында спортты серік еткен жасөспірімдер қарасы қалың. Сондай жастарға арнайы ауыл орталығында 2011 жылы пайдалануға берілген шағын спорт алаңы және спорт мектебі жұмысы тұрақты жұмыс жасауда .
Спорт мектебінде төрт секцияда – 88 бала дайындықтан өтуде. Бүгінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Оның ішінде 17 тұрақты, 3 маусымдық жұмыс.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-өтініштеріне келер болсақ, ағымдағы жылдың 10 айында 41 адам округ әкімінің жеке қабылдауында болып, жеке тұлғадан – 19, заңды тұлғадан – 1 өтініштер түсіп, оларға «бағдаржол» бағдарламасы бойынша барлығына да заңға сәйкес жауап берілді. Округ әкімінің 139 өкімі, 24 шешімі шығарылды.
– Біздің өңірдің шөбі шүйгін болған соң, төрт түлікті кәсіп еткендер саны артады. Тиісінше мал шаруашылығымен айналысқан соң, аса қауіпті аурулардың алдын-алу жоспарларына сәйкес ауыл шаруашылық жануарларына диагностикалық тексерулер мен жұқпалы ауруларға қарсы ем-шаралары кестеге сай толықтай атқарылуда. Биылғы жылы ауыл көлемінде кенеге қарсы ветеринариялық шаралар жүргізілді.
Ауылдық округ бойынша 14-29 жас аралығында – 418 жас бар, оның –233 ер, ал – 185 әйел болса, 64 оқушы, 94 студент пен 9 жұмыссыз және 32 әйел бала күтімінде.
Дін – тәрбиенің рухани тірегі. Жанқожалықтар үшін кез келген уақытта ашық ғибаатхана, яғни «Сарықұл қожа» мешіті бар. Оған арнайы терроризмге қарсы қорғану паспорты жасалған. Діни экстремизмге қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарлы түре жүргізіліп отыр. Жанқожа батыр ауылының орталағындағы кезінде «әулие баба, ғұлама емші» аталып кеткен Назарұлы Алпамыс бабаның өз қолымен тұрғызған үйін баба ұрпақтары жиналып, қайта жөндеуден өткізді. «Қожаназар Ишан» мешіті, қорымы ауыл тұрғындарының демеушілігімен қоршалды.
Экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жайы да қарастырылған. Мәселен, ауылда күл-қоқыс тастайтын арнайы жер бөлінген, қоршау жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Биылғы жылы қоршау жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы қатты қалдықтарды бөлек сұрыптайтын 3 дана контейнер, 3 дана қалдықтар салатын контейнер орнатылса, ағымдағы жылы қатты қалдықтарды бөлек сұрыптайтын 3 дана контейнер сатып алынды, – дейді Арықбалық ауылдық округі әкімі Мәулен Кайруллаев