Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік серпін

Сенбілік серпін

Өткен сенбіде Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Ауданға қарасты барлық елді мекенде тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоршаған ортаны абаттандыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан, Т. Бокин, Төремұрат жырау және М. Ғабдуллин көшелерінде аумақтарды қоқыстан тазалау, бей-берекет өскен шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына 135 мекемеден 1 346 адам қатысып, 14 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде полигондарға 13,5 тонна қоқыс шығарылды.
Тазалық жұмыстарының барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аралап көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына елді мекендердің санитарлық тазалығын тұрақты бақылауда ұстап, абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
«Таза Қазақстан» – тазалықты бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған ортақ бастама. Туған жердің тазалығы мен көркейуі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
18 тамыз 2026 ж. 173 0

Балалықтың бал мекені

17 қазан 2026 ж. 78

Тіл – ұлттың тұғыры

17 қазан 2026 ж. 73

Жаны жомарт Жылқайдар

17 қазан 2026 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031