Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық, өрт қаупі: 5 тамызға ауа райы болжамы

Аптап ыстық, өрт қаупі: 5 тамызға ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.
Аптап ыстық, өрт қаупі: 5 тамызға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
Қазгидромет 5 тамыз, сәрсенбі күніне арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің еліміздің аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамына сәйкес еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 
Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Елдің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика аумағында жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.
Болжамға сәйкес, күндіз Атырау облысында ауа температурасы +35...+37°С-қа дейін, Маңғыстау облысында +38...+40°С-қа дейін, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде +35°С-қа дейін көтеріледі.
05 тамыз 2026 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930