Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аптап ыстық +48 градусқа дейін жетеді

Қазақстанда аптап ыстық +48 градусқа дейін жетеді

Қазақстанда аптап ыстық +48 градусқа дейін жетедіPixabay.com
Синоптиктер 19 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылатынын ескертті. Ел аумағында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл соғып, кей жерлерде ауа температурасы +48 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2026 жылғы 19 шілде, жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс пен солтүстікте күндіз қатты жаңбыр жауса, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз 12 өңірде аптап ыстық сақталады.
Ыстық (+35...+44°С):
  • Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарында, Алматы облысының шығысында және Жетісу облысының таулы аудандарында ауа температурасы +35...+39°С болады.
  • Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында +38...+42°С ыстық күтіледі.
  • Қызылорда облысында сынап бағаны +40...+44°С дейін көтеріледі.
Аптап ыстық (+40...+48°С):
  • Жамбыл облысында +43...+45°С,
  • Түркістан облысында +45...+48°С,
  • Алматы және Жетісу облыстарында +40...+45°С,
  • Ұлытау облысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының оңтүстігінде +40...+42°С аптап ыстық болады.
18 шілде 2026 ж. 63 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031