Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел – ұлттың ұйытқысы

Әйел – ұлттың ұйытқысы

«Руханият» орталығында аудандық әйелдер кеңесінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақ әйелі – ұлттың тірегі» жобасы аясында Ақтан батыр ауылдық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйел. Қоғам. Отбасы» атты мәдени шара өтті.

Кештің ашылуында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова сөз сөйлеп, қазақ әйелінің отбасы мен қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңірудегі аналардың маңызды рөлі туралы тағылымды ойларымен бөлісті.Мәдени шара «Қазына» әжелер тобының СерікЕрболатовтың баян сүйемелдеуімен орындаған «Ақтан батыр ауылыма» әнімен бастау алды.
Шара барысында қолөнер көрмесі таныстырылып, ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен құндылықтары насихатталды. Кеш қонақтары – Ақтан батыр ауылының егіс даласында ұзақ жылдар аспаз болып еңбек еткен, елге сыйлы Бағдагүл Ермекбаева, ұстаздық қызметтен кейін қолөнер шеберлігімен танылып жүрген Зерхан Бакиева және №190 мектептің математика пәнінің мұғалімі, көптеген жетістіктердің иесі Қарашаш Меңдібай өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға өнегелі әңгімелер айтты.
Концерттік бағдарлама барысында Майра Ибайдуллаева «Алтыным» әнін орындаса, Айнагүл Баянова «Атымды неге Мұхтар қойған?» монологын орындады. Өнерпаздардың әсерлі өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары қазақ әйелінің қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі маңызы жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнды ойларымен бөлісті.Шара соңында Ақтан батыр ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлмекен Қожаққызы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдіріп, кеш қонақтарына сый-сияпат табыстап, әсем әннен шашу шашты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 шілде 2026 ж. 67 0

Ауылдың рухани айнасы

21 шілде 2026 ж. 70

Акцияға атсалысуда

21 шілде 2026 ж. 54

Әйел – ұлттың ұйытқысы

21 шілде 2026 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031