Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар ардақталған күн

Аналар ардақталған күн

Бейсенбі күні аудан әкімдігінде «Әйел – ана, әйел – жар, әйел – қайраткер» тақырыбында аудандық әйелдер кеңесінің жұмысын қорытындылау жиыны өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова және кеңес мүшелері, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары мен белсенді нәзік жандылар қатысты.
Жиында Әліби Әбиев қазіргі қоғамдағы әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салада табысты еңбек етіп келе жатқандарын тілге тиек етті.
Қазалы аудандық Әйелдер кеңесінің жыл көлемінде атқарған жұмысы туралы қоғамдық бірлестіктің төрайымы Роза Асанова баяндама жасады.
Одан соң облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназароваға және «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божановаға сөз берілді.
Ауданда әйелдер қай салада қызмет етпесін, сол саланы дамытып, нығайтуға ерекше үлес қосып, көпшілік құрметіне бөленіп келеді.
Осы орайда көп балалы ана, ардагер ұстаз, Майдакөл ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Бекжанқызы, көп балалы ана, кәсіпкер М.Хантөреқызы, ауданаралық аурухананың эпидемиолог дәрігері Э.Нуптуллаева пікірлерін білдірді.
Шарада ауданның өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген әйелдер қауымы, іскер әйел-аналар, қыз-келіншектер аудан әкімінің және облыстық Әйелдер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, аудан әкімдігінің фоесінде аудандағы кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан өнімдер, тігін, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар жиын қатысушыларының құрметіне аудандық мәдениет орталығының «Әжелер» ансамблі ән шырқап, шараға жиналған жұрт көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 желтоқсан 2020 ж. 2 679 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930