“ҰЛТ ҰЯТЫНЫҢ ҰСТЫНЫ” АТТЫ АБЫСЫН МЕН КЕЛІНДЕР БАЙҚАУЫ

Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлеріміз дәріптелген тағылымда шарада сөз алған Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қ. Құрманбаев кеш иесінің мерейлі 75 жас мерейтойымен құттықтап, аудандық байқауға қатысушы келіндерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Р.Асанова жылы лебізін білдіріп, бүгінгі өтіп жатқан шараның мән-мағынасы айрықша екенін айта өтсе, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Р. Тасыбаева кеш иесіне ақжарма тілегін айтып, талапкерлерге жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектес екендігін жеткізді.
Құралай Бекжанқызының өмірдерегінен құралған бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.
Байқауға келген көрермендер кент, қала және ауылдық округтерден қатысқан 12 жұп келіндердің төрт кезең (Таныстыру, өз өнері, қойылым қою, қолөнер көрмесі) бойынша өнерлеріне куә болды.
Байқауға аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Р. Асанова, Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Қ. Рахманбергенова, Кәсіпкер, ауылдық әйелдер кеңесінің белсенді мүшесі - А.Есіркепова қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
Бас жүлде - Бекарыстан би ауылы, Жәдігерова Наурызгүл, Сабыр Аяжан (қаржылай 50 мың теңге), І орын - Қазалы қаласы, Келімбетова Айна, Жусупова Ләззәт (қаржылай 30 мың теңге), ІІ орын - Жаңқожа батыр ауылы, Қосуақ Құралай, Жұмағали Ләйла (қаржылай 20 мың теңге), ІІІ орын - Майдакөл ауылы, Қадірбаева Жансұлу, Смағұлқызы Мөлдір (қаржылай 15 мың теңге), ІІІ орын - Қ.Пірімов ауылы, Айдарова Жанат, Қартаңбай Арайлым (қаржылай 15 мың теңге)
“Дара абысындар” бағамын - Ғ.Мұратбаев ауылы, Жаманқара Гүлнәр, Ешниязова Мөлдір (қаржылай 10 мың теңге), қалған барлық қатысушы абысын-келіндерге арнайы диплом және қаржылай 5 мың теңге табыс етілді.
Шара соңында кеш иесі Қазалы ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Бекжанқызы шара ұйымдастырушылары мен байқауға қатысқан барша абысынды-келіндерге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.