Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпағының панасы, берекенің бастауы

Ұрпағының панасы, берекенің бастауы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ақтан батыр ауылдық клубында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор ерекше кеш өтті. Ауыл тұрғындарының рухани өміріне серпін берген бұл шара – клуб жанынан құрылған «Қазына» әжелер тобының 5 жылдық мерейтойына арналған есептік концерті болды.
Мерекелік кешке жиналған көрермен қарасы көп болып, зал лық толды. Бұл – өнерлі әжелерге деген халықтың ықыласы мен құрметінің айқын көрінісі. Сахна төрінде әсем ән шырқалып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген көріністер қойылып, көрермен көңіліне жылылық сыйлады.
Ансамбль мүшелері түрлі тақырыпта бірге, жеке де ән шырқап, тыңдарманын сүйсіндіріп, есті әнмен жүректерді тербеді.
Өнерлі әжелердің еңбегіне лайықты құрмет те көрсетілді. Ауыл әкімі Серік Өмірзақов ұйымшылыдық пен бірліктің өнегелі үлгісін көрсетіп жүрген әжелерге Алғыс хат табыстады.
Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғани Дәрмағамбет пен аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова арнайы қатысып, «Қазына» әжелер тобына Құттықтау табыстады. Ауылдағы №190 мектеп ұжымы да өнерлі әжелерге шығармашылық табыс тілеп, сый-құрмет көрсетті.
Сонымен қатар Қазалы аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы жанынан құрылған «Өнеге» әжелер тобы мен Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің «Асыл әжелер» тобы арнайы қатысып, сый-сияпаттарын ұсынды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен әжелер арасындағы рухани байланыстың жарқын үлгісі еді.
Қазақ қоғамында әжелердің орны айрықша. Олар – отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің негізін қалаушы, ұлттық салт-дәстүрдің сақтаушысы. Бүгінгі таңда да әжелеріміз ұмыт бола бастаған құндылықтарды жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен парасат дәнін себуде. «Қазына» әжелер тобы осы жолда аянбай еңбек етіп, ауыл мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Бұл кеш – тек есеп беру концерті ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеген, ұлттық рухты көтерген тағылымды шара болды. Өнерлі әжелердің өнегелі жолы – келешек ұрпаққа үлгі, ел бірлігінің бекем тірегі.
Жаңыл ҚАСЫМҚЫЗЫ,
Ақтан батыр ауылдық клубының әдіскері
05 мамыр 2026 ж. 85 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031