Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар бағамы тағы 3 теңгеге жуық төмендеді

Доллар бағамы тағы 3 теңгеге жуық төмендеді

2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды.
Сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 464,71 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,56 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,05 теңгеге дейін төмендеді (-0,07 теңге).
Қытай юанінің бағамы күндізгі сауда қорытындысы бойынша 68,47 теңгені құрады (-0,26 теңге).
Елдегі айырбастау пункттерінде:
  • АҚШ доллары 466,1–468,7 теңгеден сатып алынып/сатылуда;
  • еуро 532,2–538 теңге аралығында;
  • Ресей рублі 5,70–5,85 теңге аралығында айырбасталуда.
Сонымен қатар, 10 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.
ICE Futures электрондық сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы 0,39%-ға төмендеп, барреліне 76 долларды құрады.
Ал NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,43%-ға арзандап, барреліне 71,77 долларға дейін түсті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 10 шілдеге арналған ресми бағамды: АҚШ доллары – 467,41 теңге, еуро – 533,88 теңге, Ресей рублі – 6,14 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
10 шілде 2026 ж. 190 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31