Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді
istockphoto«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.10 шілдеде Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.









