Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады
Қазақстанның Конституциялық соты 2026 жылғы Конституцияның 43, 72, 83 және 84-баптарына ресми түсіндірме берді.
Фото: Ақорда
Фото: АқордаҚызметтегі лауазымды тұлғалар жаңа Конституциядан кейін қайта сайлана алады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы Конституциялық Сотқа сілтеме жасап.
Конституциялық соттың түсіндіруінше, 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай тұлғалардың тиісті лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы конституциялық шектеулерді қолдану кезінде алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу ретінде есептеледі.
Қазақстанның Конституциялық соты 2026 жылғы Конституцияның 43, 72, 83 және 84-баптарына ресми түсіндірме берді.
Соттың қаулысына сәйкес, 1995 жылғы Конституция негізінде аталған баптарда көрсетілген лауазымдарды атқарып отырған тұлғалар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін сол қызметтерге қайта сайлана немесе тағайындала алады.
Конституциялық соттың түсіндіруінше, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай тұлғалардың тиісті лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы конституциялық шектеулерді қолдану кезінде алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу болып есептеледі.
Осылайша, қолданыстағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына кандидат ретінде қатыса алады.









