Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЧ-2026: 1/8 финалда кімдер кездесетіні анықталды

ӘЧ-2026: 1/8 финалда кімдер кездесетіні анықталды

Фото:depositphotos.com
4 шілде таңда 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-оффтағы алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалда кездесетін барлық жұп анықталды, - деп хабарлайды
Tengri Sport.
1/16 финалдың қорытындысы бойынша келесі кезеңге Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко, Норвегия, Франция, Мексика, Англия, Бельгия, АҚШ, Испания, Португалия, Швейцария, Мысыр, Аргентина және Колумбия өтті.
ОАР, Жапония, Германия, Нидерланд, Кот-д’Ивуар, Швеция, Эквадор, Конго ДР, Сенегал, Босния және Герцеговина, Аустрия, Хорватия, Алжир, Аустралия, Кабо-Верде және Гана құрамалары турнирмен қоштасты.
Плей-офф: 1/8 финалдың жұптары
1. 04.07, 22:00 — Канада — Марокко;
2. 05.07, 02:00 — Парагвай — Франция;
3. 06.07, 01:00 — Бразилия — Норвегия;
4. 06.07, 05:00 — Мексика — Англия;
5. 07.07, 00:00 — Португалия — Испания;
6. 07.07, 05:00 — АҚШ — Бельгия;
7. 07.07, 21:00 — Аргентина — Мысыр;
8. 08.07, 00:00 — Швейцария — Колумбия.
1/8 финал аяқталғаннан кейін, келесі ширек финал кезеңі 10-12 шілде аралығында өтеді. Жартылай финалдар — 15–16 шілде. Үшінші орын үшін матч — 19 шілдеде, ал финал — 20 шілдеде сағат 00:00-де болады.

04 шілде 2026 ж. 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31