Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр

Қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр

Фото: depositphotos.com/ alpinrage
2026 жылдың шілдесінде қазақстандықтарды Астана күніне орай ұзақ демалыс күтіп тұр. Мереке дүйсенбіге сәйкес келгендіктен, еліміздің көптеген тұрғыны қатарынан үш күн демалады. Tengri Life демалысты алдын ала жоспарлауыңыз үшін күнтізбе дайындады.
2026 жылы Астана күнінде қазақстандықтар қалай демалады?
Астана күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Бұл - мемлекеттік мереке және ресми демалыс күні. 2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге дөп келеді, сондықтан демалыс күндерін ауыстырудың қажеті жоқ - мереке күні әдеттегі демалыс күндерінің жалғасы болады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге арналған кесте
Қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
4 шілде (сенбі) - демалыс;
5 шілде (жексенбі) - демалыс;
6 шілде (дүйсенбі) - мерекелік демалыс.
Жұмысқа сейсенбі, 7 шілдеде шығу керек болады.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге арналған кесте
Келесідей болады:
4 шілде (сенбі) - жұмыс күні;
5 шілде (жексенбі) - демалыс;
6 шілде (дүйсенбі) - мерекелік демалыс.
Осылайша, демалыс қатарынан екі күнге созылады.

Фото:
depositphotos.com. Иллюстрация: Tengrinews.kz / Жандарбек Манарбеков
Шілдеде неше жұмыс күні болады?
2026 жылдың шілдесінде 31 күнтізбелік күн бар. Бес күндік жұмыс аптасында: 22 жұмыс күні; Астана күнін есептегенде 9 демалыс күні. Алты күндік жұмыс аптасында: 26 жұмыс күні; 5 демалыс күні бар.
Шілдеде тағы қандай айтулы күндер бар?
Астана күнінен бөлек, Қазақстанда шілде айы кәсіби және атаулы күндерге толы:
2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні;
Шілденің бірінші жексенбісі (5 шілде) - Ұлттық домбыра күні және Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
7 шілде - Қазақстан қолөнершілерінің күні;
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні, сондай-ақ Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
10 шілде - Ветеринариялық қызметкер күні;
13 шілде - ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары күні;
Шілденің екінші жексенбісі (12 шілде) - Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;
14 шілде - Нотариат күні;
Шілденің үшінші жексенбісі (19 шілде) - Металлургтер күні;
Шілденің төртінші жексенбісі (26 шілде) - Сауда қызметкерлері күні.
Ұзақ демалысты қалай өткізуге болады?
Дәстүр бойынша 6 шілдеге орай Қазақстанның көптеген қаласында мерекелік іс-шаралар өтеді. Негізгі бағдарлама әдетте Астанада ұйымдастырылады: ашық аспан астындағы концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық жарыстар мен жәрмеңкелер.
03 шілде 2026 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031