Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік өнімдер бағасының өсу қарқыны 4 есеге төмендеді – Сауда министрлігі

Әлеуметтік өнімдер бағасының өсу қарқыны 4 есеге төмендеді – Сауда министрлігі

ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, баға тұрақтылығын қолдау үшін шаралар кешені қабылдануда: мемлекеттік бақылау күшейтілді. 
Әлеуметтік өнімдер бағасының өсу қарқыны 4 есеге төмендеді – Сауда министрлігі
Фото: canva
Ахуалдық орталық базасында ЕАЭО елдеріндегі баға динамикасын, әлемдік конъюнктураны, сыртқы сауда шешімдері мен логистикалық факторларды талдай отырып, баға белгілеуді болжау жүргізілуде; делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Бұдан басқа, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда; көрші елдерден маусымаралық уақытта импорттық жеткізілімдердің "жасыл дәлізі" тетігі жолға қойылды.
"Қабылданатын шаралардың тиімділігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикасымен расталады: 18 маусымдағы жағдай бойынша баға индексінің өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,3%-дан 1,8%-ға дейін, яғни 4 есе төмендеді. Ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясының серпіні бесінші ай қатарынан баяулауды көрсетіп, 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5% - дан мамыр айында 10,7% - ға дейін төмендеді. Бұл ретте барлық азық-түлік тауарлары бағасының айлық өсуі 0,4% құрады, бұл азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер бағасының өсу қарқынынан төмен", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
28 маусым 2026 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31