Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстандағы су тасқыны мен көшкіннен бес адам қаза тапты

Ауғанстандағы су тасқыны мен көшкіннен бес адам қаза тапты

Табиғи апат салдарынан 30 тұрғын үй толық немесе жартылай қирады.
pixabay.com
pixabay.com
Ауғанстанның бірнеше провинциясында нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқыны, дауыл және көшкін салдарынан кемінде бес адам қаза тапты.
Бұл туралы елдің Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, соңғы 48 сағат ішінде табиғи апат Кабул, Забуль, Кандагар, Саманган, Тахар, Нангархар, Лагман және Кунар провинцияларына әсер еткен.
Ресми дерекке сәйкес, адам шығынынан бөлек, қолайсыз ауа райы айтарлықтай материалдық шығын келтірген. Салдарынан 30 тұрғын үй толық немесе жартылай қирап, 60 шақырымнан астам ауылішілік жол бүлінген. Сондай-ақ шамамен 225 акр ауыл шаруашылығы жерін су басқан.
Билік табиғи апаттың салдарын бағалау жұмыстарын жалғастырып, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетіп жатыр.
Ресми статистикаға сәйкес, биылғы наурыз айының соңынан бері Ауғанстанда нөсер жаңбыр, аяқ астынан болған су тасқыны мен күшті дауыл салдарынан 314-тен астам адам қаза тауып, тағы 400-ге жуық адам жарақат алған.


28 маусым 2026 ж. 144 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 26

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31