Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоршаған ортаның тазалығы – баршаға ортақ міндет

Қоршаған ортаның тазалығы – баршаға ортақ міндет

Елімізде «Таза Қазақстан» тазалық акциясы тек науқан ғана емес, ол әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысына, өмір салтына айналып келеді.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тазалық мәселесін әрдайым назарда ұстап, осы бағытта атқарылатын жұмыстарға ерекше көңіл бөлуде. Тазалық – тек қоғамдық жұмыс емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін айта отырып, аудан әкімі осы бағыттағы шаралардың маңыздылығын үнемі атап өтеді.
Бүгінгі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен сенбілік жұмыстарына ауданымыздың барлық кент, қала және ауылдық округтері, дербес бөлімдер, жастар белсене қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарының жүргізілуіне өз үлестерін қосты.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде жүргізілген тазалық жұмыстары барысында «Қазалы мәдени-демалыс кешені», Теміржол вокзалы жанындағы Әйтеке би ескерткішінің аумағы, 5 квартал аймағы және Т.Бөріқұлақов, Ж.Аймауытов көшелерінде бей-берекет өскен шөптер шабылып, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аудан басшысы салаға жауапты орынбасары және кент әкімімен бірге сенбілік жұмыстарын аралап көріп, тазалық жұмыстарына қатысты жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Экологиялық акция аясындағы сенбілік жұмыстары аудан орталығы мен қатар барлық ауылдық округтерде де жалғасты. Жалпы аудан көлемінде өткен сенбілік жұмыстарына барлығы 132 мекемеден 1 532 адам, 15 техника жұмылдырылып, қоқыс полигондарына 12,7 тонна қоқыс шығарылды.
Таза әрі көрікті орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар аудан тұрғындарының ауызбіршілігімен, туған жерге жанашырлығымен алдағы уақытта да жалғасып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мен ауданның көркін арттыруға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырыла бермек.
31 мамыр 2026 ж. 6 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031